Жағымды жаңалықтарКөкшетауда көмірмен қамту тұрақты бақылауда

Көкшетауда көмірмен қамту тұрақты бақылауда

-

- Advertisment -spot_img

Көкшетау қаласында жылыту маусымы басталғалы қатты отынмен қамтамасыз ету мәселесі жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында тұр.

Қала әкімдігінің мәліметінше, көмір тасымалы кестеге сай жүргізілуде. Қазіргі уақытта өңірге жеткізілген көмір қоры тұрғындар мен әлеуметтік нысандардың қажеттілігін өтеуге жеткілікті.

Осыған орай қала әкімі Әнуар Күмпекеев журналистермен бірге Көкшетаудағы ірі көмір сақтау базаларының біріне барып, көмірдің жеткізілу барысымен және бағалық жағдайымен танысты.

Мердігер ұйым өкілдерінің айтуынша, көмір тасымалы үздіксіз жалғасуда. Бір тонна көмірдің орташа бағасы бүгінде 20 мың теңге шамасында. Алдағы уақытта баға төмендеуі мүмкін екені айтылды, бірақ бұл жөнінде нақты түсіндірме берілмеген.

Көмірдің сапасына қатысты да кейбір ескертпелер бар. Кей жеткізілімдерде көмірдің ұсақтығы байқалғанымен, келесі партияларда сапалы қатты отын жеткізу көзделіп отыр.

Жылыту маусымы басталғаннан бері қаланың барлық жылу нысандары штаттық режимде жұмыс істеуде. Жаз айларында жоспарлы жөндеу жұмыстары аяқталып, жылу жүйелері толық дайындықтан өткен.

Қала әкімінің айтуынша, алдағы уақытта Көкшетаудың жылу жүйесін жаңғырту және қуатты арттыру бағытында бірқатар жобалар жүзеге аспақ. Оның ішінде Красный Яр қазандығының қуатын тиімді пайдалану, сондай-ақ жылу электр орталығына қосылу мәселесі де күн тәртібінде тұр.

«Халықтың тұрмыс сапасы мен жылу мәселесі – біздің басты назарымызда. Сондықтан көмірмен қамту мен жылу жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі тұрақты бақылауда болады», – деді Әнуар Күмпекеев.

Қазіргі таңда Көкшетау жылыту маусымын тұрақты өткізіп, тұрғындардың жылусыз қалмауын қамтамасыз етіп отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Идеядан бастап жұмыс істеп тұрған бизнеске, қолдаудан бастап нақты нәтижеге дейін!

12 қыркүйекте Жарқайың ауданында өткен жыл сайынғы «Күз сыйы» жәрмеңкесінде ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өнімдерімен қатар, 2025–2026 жылдардағы грант иегерлерінің...

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Оқу керек

Идеядан бастап жұмыс істеп тұрған бизнеске, қолдаудан бастап нақты нәтижеге дейін!

12 қыркүйекте Жарқайың ауданында өткен жыл сайынғы «Күз сыйы»...

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған