Жағымды жаңалықтарҚосшы қаласының тұрғындары жаңа пәтер кілттерін алды

Қосшы қаласының тұрғындары жаңа пәтер кілттерін алды

-

- Advertisment -spot_img

Республика күніне орай Қосшы қаласында тұрғын үй алу кезегінде тұрған азаматтарға жаңа пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

Іс-шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова қатысып, қоныс иелерін көптен күткен қуаныштарымен құттықтады.

«Президенттің тапсырмасына сәйкес, азаматтарды, әсіресе әлеуметтік жағынан осал топтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді», – деп атап өтті әкімнің орынбасары.

Іс-шара елімізде алғаш рет жүзеге асырылып отырған «Отбасы банкінің» пилоттық тұрғын үй бөлу жобасы аясында өтті. Бұл жоба мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа әрі тиімді тетігін ұсынады.

Жаңа пәтер иелері мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау үшін ризашылықтарын білдіріп, қуаныштарымен бөлісті.

Айта кетейік, биыл облыс бойынша әртүрлі санаттағы азаматтарға, соның ішінде әлеуметтік осал топтарға жататын кезектегілерге шамамен 700 пәтер берілді. Жалпы жыл соңына дейін 1200 пәтер беру жоспарланған, оның 500-і Қосшы қаласында табысталмақ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған