ҚоғамЕсіл-Калачи: бес ай бойы жөндеусіз қалған жол тұрғындарды алаңдатады

Есіл-Калачи: бес ай бойы жөндеусіз қалған жол тұрғындарды алаңдатады

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысының Есіл ауданындағы Калачи ауылы тұрғындары ауыл мен аудан орталығын жалғайтын жолдың нашар жағдайына алаңдаулы. Көліктер қауіпті жол арқылы қозғалады, ал мектеп автобусы күн сайын қауіпті учаскелерден өтуге мәжбүр, деп хабарлайды Nayzakokshe.kz тілшісі.

Тұрғындар әлеуметтік желіде тараған бейнежазба арқылы жергілікті билік пен мердігер ұйымның жұмысын сынап отыр. Көршілес ауылдардың жолдары жөнделіп бітсе, Калачи бағытындағы техника тек қысқа уақыт көрініп, кейін жоғалып кеткен.

«Жолды қазып, аздап тас төгіп кеткен еді. Сол күйі қалған. Қазір көліктер шұңқырдан шұңқырға секіріп жүреді. Жаңбыр жауса, жол толық лайға айналады», – дейді ауыл тұрғындары.

Жергілікті жұрттың айтуынша, жөндеу жұмыстары маусым айында басталғанымен, көзге көрінер ілгерілеу жоқ. Техника мен жұмысшылар жоқ, ал әр келген шенеунік тек уәде береді.

Облыстық жолаушылар көлігі және автожолдар басқармасы ресми түрде хабарлағандай, мердігер ұйым – «Qazaq City Stroy» ЖШС – орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Жарамсыз топырақ алынып, орнына тас пен қиыршық қоспа төселіп жатыр, ал жұмыстың ай соңына дейін аяқталуы жоспарланған.

Дегенмен ауыл тұрғындары ресми жауапқа сенімсіздік білдіреді:

«Құжат жүзінде жұмыс жүріп жатыр делінсе де, көзіміз шұңқыр мен шаңды көреді», – дейді олар.

Жол – ел тіршілігінің күре тамыры. Калачи бағытымен күн сайын балаларды мектепке апаратын автобус қатынайды, ал жолдың нашарлығы олардың қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.

Қағаздағы жоспар мен жердегі ахуал екі бөлек. Калачи халқы биліктен уәде емес, нақты іс күтеді. Өйткені кез келген жол – жай асфальт емес, ел өмірінің өзегі.

Сонымен бірге, редакциямызға Карасногорск ауылының тұрғындары да хабарласып, жол мәселесі шешілмей жатқандығын айтты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Идеядан бастап жұмыс істеп тұрған бизнеске, қолдаудан бастап нақты нәтижеге дейін!

12 қыркүйекте Жарқайың ауданында өткен жыл сайынғы «Күз сыйы» жәрмеңкесінде ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өнімдерімен қатар, 2025–2026 жылдардағы грант иегерлерінің...

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Оқу керек

Идеядан бастап жұмыс істеп тұрған бизнеске, қолдаудан бастап нақты нәтижеге дейін!

12 қыркүйекте Жарқайың ауданында өткен жыл сайынғы «Күз сыйы»...

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған