Жағымды жаңалықтарСтепняк қаласында көк ту қайта желбіреді

Степняк қаласында көк ту қайта желбіреді

-

- Advertisment -spot_img

Біржан сал ауданының орталығы – Степняк қаласында бірнеше аптадан бері бос тұрған мемлекеттік тудың тұғыры қайта жөнделіп, көк ту орнатылды.

Бұған дейін аудан әкімдігі ғимараты жанындағы тұғырда мемлекеттік рәміздің болмауы тұрғындар мен әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын туғызған еді. Елдің айбыны саналатын тудың болмауы жұртшылықты алаңдатпай қоймады.

Аудан әкімдігі жағдайға қатысты ресми түсініктеме беріп, тұғырда техникалық ақаулар анықталғанын хабарлаған болатын.

«Бағыттаушы тетіктің сынуы мен тростың тозуы ту орнатуға мүмкіндік бермеді. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары толық аяқталып, мемлекеттік ту қайта орнатылды», – делінген әкімдіктің хабарламасында.

Бүгінде Степняк аспанында көк ту қайта желбіреп тұр. Бұл – елдіктің, бірліктің және тәуелсіздіктің нышаны.

Аудан тұрғындары үшін бұл оқиға ерекше мәнге ие.

«Көк туымыздың орнына қайта оралғанына қуаныштымыз. Мемлекеттік рәмізге құрмет – елге деген құрмет», – дейді тұрғындар.

Айта кету керек, соңғы күндері өңірде жылу маусымына дайындық мәселесі де қызу талқыланып отыр. Тұрғындар ендігі кезекте жылу жүйесіндегі түйткілдер уақытылы шешімін табарына үміт білдіруде.

Көк туымыз әрқашан биікте желбіреп, еліміздің мерейі арта бергей.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған