3 қарашада Ақмола облысы студенттер Альянсының ұйымдастыруымен Халықаралық студенттер күніне орай STUD FEST мерекелік кеші өтті.
«Қоғамдық келісім» КММ ғимаратында өткен кешке өңір жастары жиналып, өнерлерін ортаға салды. Студенттер ән айтып, би билеп, түрлі шығармашылық қойылымдар ұсынды. Көңілді ойындар да кештің көркін қыздырып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
STUD FEST – студенттердің басын қосып, достық пен бірлікті нығайтқан, жастардың шығармашылығы мен белсенділігін танытқан мерекелік басқосу болды.




