ҚоғамАқмолада қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа міндеттері талқыланды

Ақмолада қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа міндеттері талқыланды

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысында қоғамдық келісімді сақтау мен этносаралық татулықты нығайту бағытындағы жұмыстардың нәтижесі сараланып, алдағы кезеңнің басымдықтары айқындалды.

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова «Қоғамдық келісім» КММ-де этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылымдардың өкілдерімен кездесті.

Кездесуде биыл атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, келесі жылға арналған жоспарлар ортаға салынды. Әңгіме тек өткеннің есебімен шектелген жоқ. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттерді өңірлік деңгейде жүзеге асыру мәселелері де кеңінен қозғалды.

Атап айтқанда, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, азаматтық қоғам институттарының белсенділігін арттыру, этносаралық татулықты сақтау және қоғамдық бастамаларға қолдау көрсету бағыттарына ерекше назар аударылды.

Жиында қоғамдық құрылымдардың өкілдері өз салалары бойынша алдағы жұмыс жоспарларын таныстырды. «Ел жастары» РҚБ Ақмола өңірлік өкілдігінің төрағасы М. Давранов жастармен жұмыс және олардың қоғамдық өмірге араласуы жөніндегі бастамаларымен бөлісті.

Медиация кеңесінің төрағасы Г. Мәдиева қоғамдағы өзара түсіністік пен даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешудің маңызын атап өтсе, Аналар алқасының төрағасы А. Жахина отбасы құндылықтары мен ұрпақ тәрбиесіне қатысты жұмыстарға тоқталды.

Ал Журналистер клубының төрағасы Г. Салық ақпараттық бағыттағы міндеттерді ортаға салды. Ғылыми-сараптамалық топтың төрағасы М. Өтегенов қоғамдық үдерістерді сараптамалық тұрғыдан зерделеу мен ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеу мәселелеріне назар аударды.

Қоғамдық келісім бір ғана мекеменің немесе жекелеген ұйымның күшімен қалыптаспайды. Ол — түрлі қоғамдық институттардың өзара сенімі, ортақ жауапкершілігі және күнделікті жүйелі жұмысының нәтижесі.

Сондықтан мұндай кездесулердің мәні атқарылған істі түгендеумен ғана өлшенбейді. Ең бастысы — әр құрылымның қоғам алдындағы міндетін нақтылап, ортақ мақсат жолындағы іс-қимылын үйлестіру.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысының 200-ден астам аграрийі еңбегі үшін марапаттарға ие болды

Көкшетау қаласында ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов...

Зеренді ауданы: спорт, білім және кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Зеренді ауданының тұрғындарымен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндады, перспективалық жобаларға тоқталып, ауыл тұрғындарының...

Ақмола облысының екі еңбеккері мемлекеттік наградаларға ие болды

Бүгін Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің III форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аграрлық сала өкілдеріне мемлекеттік наградалар табыстады. Марапатталғандардың қатарында Ақмола...

Атаның сөзі – ақылдың көзі

«Қоғамдық келісім» КММ мәжіліс залында «Атаның сөзі – ақылдың көзі» жобасы аясында жастарға аға буынның өмірлік тәжірибесін насихаттау, ұрпақтар...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Көкшетауда жылына 60 млн дана кірпіш шығаратын зауыт салынуда

Облыс орталығында жылына 60 млн данаға дейін кірпіш шығаруға қауқарлы жаңа зауыттың құрылысы жалғасуда. Кәсіпорынды 2027 жылы іске қосу...

Ақмола облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу көлемі артып келеді

Өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен қатар, оны өңдеу қуаттары да артып келеді. Көкшетау қаласындағы «GARANTI EXPORT» ЖШС жылына 30...

Оқу керек

Ақмола облысының 200-ден астам аграрийі еңбегі үшін марапаттарға ие болды

Көкшетау қаласында ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің...

Зеренді ауданы: спорт, білім және кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Зеренді ауданының тұрғындарымен кездесіп,...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған