ҚосшыҚосшы қаласының инфрақұрылымын дамыту мәселелері Aqmola Invest алаңында талқыланды

Қосшы қаласының инфрақұрылымын дамыту мәселелері Aqmola Invest алаңында талқыланды

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Aqmola Invest алаңында Қосшы қаласының инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кездесу барысында тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған негізгі жобалар қаралды.

Кеңесте инвестициялық аймақ құру мәселесіне ерекше назар аударылды. Өңір басшысы жергілікті шикізат пен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін ірі кәсіпорындарды ашу басым бағыт болуы тиіс екенін атап өтті.

«Жергілікті шикізат пен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін, сондай-ақ өңір тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарын ашатын ірі әрі табысты өндірістерді іске қосуға басымдық беру қажет. Бұл қаланың экономикасын нығайтып, инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді», – деді Марат Ахметжанов.

Сондай-ақ кеңесте Қосшы қаласындағы автомобиль жолдарын салу және қайта жаңғырту жобаларының жүзеге асырылу барысы талқыланды. Биыл 4,5 мың метрден астам жол төсемін жаңарту, сондай-ақ оған іргелес аумақтарды абаттандыру, яғни бордюрлер, аялдамалар, тротуарлар мен көше жарығын орнату жоспарланған.

«Жол құрылысы барысында ескі асфальт қабатының астынан 60-тан астам құдық анықталды. Жалпы олардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Тазалау жұмыстарынан кейін олар жаңбыр және еріген қар суларын бұру үшін пайдаланылатын болады», – деді Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Владимир Кулаков.

Кеңесте алдағы жылыту маусымына дайындық мәселесі де қаралды. Қазіргі уақытта қаланың орталық қазандығы мен жылу желілерінде жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жаңа жабдықтарды орнату нысанның қуаттылығын едәуір арттырып, жылумен жабдықтаудың сенімділігін күшейтеді.

Сонымен қатар ұзындығы шамамен 2 шақырым болатын жылу желілерін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Жауапты қызметтердің мәліметінше, барлық жоспарланған жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес орындалып жатыр және жылыту маусымы басталғанға дейін толық аяқталады.

Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі Қосшы қаласының одан әрі дамуы мен тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін маңызды барлық инфрақұрылымдық жобалардың сапалы әрі уақытылы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Негізгі назар...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...

Ақмола облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі басымдықтар Халық Кеңесінің төрағасымен талқыланды

Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында қоғам өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен, ғылыми қауымдастық және этномәдени...

Ақмола облысында Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңір активімен кездесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері»...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Republic Day және Bereke Fest: қазақстандықтар жеңілдікпен тауарларды қайдан сатып ала алады?

Қазақстанның барлық 20 өңірінде Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасуда. Мерекелік науқанға еліміз...

Республика күні – елдік пен жауапкершілік мерекесі

Құрметті отандастар! Баршаңызды еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация...

Оқу керек

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған