БілімЗаттарға екінші өмір: ақмолалық оқушы қайта өңделген материалдардан дизайнерлік...

Заттарға екінші өмір: ақмолалық оқушы қайта өңделген материалдардан дизайнерлік шамдар жасауда

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысында жас өлкетанушылар, экологтар және табиғат зерттеушілерінің «Табиғатты аяла» өңірлік форумы аясында «Заттарға екінші өмір» облыстық байқауы өтті. Байқауға қатысушылар 20-ға жуық экологиялық жобаларын ұсынып, қарапайым қалдықтарды пайдалы әрі әсем бұйымдарға айналдыруға болатынын көрсетті.

Қазылар алқасының шешімімен байқау жеңімпазы Сандықтау ауданы Каменка ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Александр Сальников атанды. Ол өз қолымен жасаған дизайнерлік шамдар топтамасын ұсынды.

«Бүгінде қалдықтар мәселесі өте өзекті. Адамдар барған сайын көп зат сатып алады, ал олардың пайдалану мерзімі қысқара түсуде. Соның салдарынан қоқыс көбейіп, табиғат ластануда. Сондықтан Александр тек қайта өңделген материалдарды пайдаланып, интерьер бұйымдарын жасауды қолға алды»,- деп айтты жетекшісі көркем еңбек пәнінің мұғалімі Виктор Доценко.

Оқушы жасаған әрбір шам ерекше идеясы мен қайталанбас стилімен ерекшеленеді.
Алғашқы «Нәзік геометрия» деп аталған шам кәдімгі қаптамалық картоннан жасалған. Әдетте бірден тасталатын бұл материал жеңіл, берік әрі өңдеуге ыңғайлы болып шықты. Жұмыста тұрмыстық техника қораптары, картон түтіктері мен қағаз қалдықтары пайдаланылған. Бөлшектер желімделіп, бекітіліп, қорғаныш қабатпен қапталған. Нәтижесінде заманауи стильдегі әсем шам пайда болды.

Екінші «Бөлшектерден жиналған жайлылық» шамы ағаш қалдықтарынан — кесінділерден, фанерадан және ескі тақтайшалардан жасалған. Жасау барысында барлық бөлшектер мұқият өңделіп, тегістеліп, ағаштың табиғи құрылымы сақтала отырып құрастырылған. Соңында лак жағылып, бұйымға жинақы әрі толық көрініс берілді.

Үшінші «Механикалық жүректің жарығы» шамы ең ерекше әрі ең күрделі жұмыс болды. Ол металл автокөлік бөлшектерінен — болттардан, серіппелерден және түрлі қосалқы бөлшектерден жасалған. Әрбір бөлшек тазартылып, боялған. Бұрын қоқыс болып саналған заттар лофт стиліндегі нағыз арт-нысанға айналды.

Барлық шамдарды жасау барысында қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлінген: электр сымдары ұқыпты жүргізіліп, құрылымдардың беріктігі қамтамасыз етілген.

Оқушының жобасы қажетсіз заттардың да қиял, еңбекқорлық және қоршаған ортаға деген жанашырлық арқылы екінші өмірге ие бола алатынын айқын көрсетеді. Мұндай жобалар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймай, экологиялық ойлауын қалыптастырып, табиғатқа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Жеті партия, бір эфир және сайлауалды науқанның алғашқы саяси сыны

Жеребе, Әдеп хартиясы және баршаға ортақ ашық микрофон – аптаның басты саяси кеші дәл осындай форматта өтті. Сайлауалды науқан партиялардың...

Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпінін сақтап отыр

Бүгін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің отырысында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары...

Қабырғалар сөйлеген күн: Целиноград ауданындағы муралдар жаңа дәуірдің бояуына айналды

Кейде бір ғана сурет тұтас көшенің тынысын өзгерте алады. Кеше ғана көзге үйреншікті болып көрінген ескі ғимараттар бүгін ерекше...

Бұланды ауданында 57 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды

Макинск қаласында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа пәтер кілттерін табыстау рәсімі өтті. Қоныс тойын атап өткен 57 отбасы үшін...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Көбейтұз көлінде табиғатты қорғау шектеулері орнатылды

Мемлекет басшысының Көбейтұз көліне ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін беру туралы тапсырмасын орындау аясында Ақмола облысында су айдынын «Бұйратау»...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – құқық бұзушылық әрі адам құқықтарын өрескел бұзу. Ол тек күш қолданумен шектелмейді. Қорлау, қорқыту, бопсалау, экономикалық...

Оқу керек

Жеті партия, бір эфир және сайлауалды науқанның алғашқы саяси сыны

Жеребе, Әдеп хартиясы және баршаға ортақ ашық микрофон –...

Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпінін сақтап отыр

Бүгін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен облыс...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған