Жағымды жаңалықтарАтбасар ауданында су тасқыны қаупі сейілді

Атбасар ауданында су тасқыны қаупі сейілді

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапары барысында Атбасар ауданындағы су тасқыны жағдайын тексерді. Аудандағы тасқын кезеңінің ең қауіпті кезеңі сәтті өтті.

Өңір басшысы даладағы еріген қар суларын негізгі су өткізу нысандары мен сайлар арқылы өткізу барысымен танысып, қызметтердің үйлесімді жұмысы тұрғын үйлерді су басу қаупін барынша азайтуға мүмкіндік бергенін атап өтті.

«Биыл су еш кедергісіз өтті. Біздің басты міндетіміз – халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, және биыл осы жобаны толық аяқтаймыз.
Қазіргі таңда тасқынның шарықтау шегі артта қалды, Атбасар тұрғындарына қауіп жоқ деп сеніммен айтуға болады. Арнаны тазартумен қатар, үш шлюз орнатылып, дала суларын қаладан тыс жерге бұру жұмыстары басталды. Ендігі міндетіміз – қарды уақытылы шығарып, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасына сәйкес қаланы абаттандырудың жаңа жобаларын іске асыру», – деді Марат Ахметжанов.

Тасқынның шарықтау шегі өткеніне қарамастан, әкім жоғары дайындық режимін сақтауды тапсырды. Барлық гидротехникалық нысандар қалыпты режимде жұмыс істеуде, мамандар тәулік бойы кезекшілікте. Марат Ахметжановтың айтуынша, жағдай толық бақылауда, және шарықтау кезеңі артта қалғанымен, қардың толық еру кезеңі аяқталғанша қауіпті учаскелердің барлығы тұрақты бақылауда болады. Қазіргі уақытта жоспарлы іс-шаралар жалғасуда.

Айта кетейік, Атбасар ауданында 19 елді мекенде су тасқынына қарсы 29 іс-шара өткізілді. Сайларды тазалау, бөгеттерді нығайту және Жабай өзенінің арнасын кеңейту жұмыстары жүргізілді. Бүгінде судың апатсыз өтуі қамтамасыз етіліп, барлық күштер мен құралдар, соның ішінде аумақтық қорғаныс күштері жұмылдырылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Жеті партия, бір эфир және сайлауалды науқанның алғашқы саяси сыны

Жеребе, Әдеп хартиясы және баршаға ортақ ашық микрофон – аптаның басты саяси кеші дәл осындай форматта өтті. Сайлауалды науқан партиялардың...

Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпінін сақтап отыр

Бүгін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің отырысында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары...

Қабырғалар сөйлеген күн: Целиноград ауданындағы муралдар жаңа дәуірдің бояуына айналды

Кейде бір ғана сурет тұтас көшенің тынысын өзгерте алады. Кеше ғана көзге үйреншікті болып көрінген ескі ғимараттар бүгін ерекше...

Бұланды ауданында 57 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды

Макинск қаласында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа пәтер кілттерін табыстау рәсімі өтті. Қоныс тойын атап өткен 57 отбасы үшін...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Көбейтұз көлінде табиғатты қорғау шектеулері орнатылды

Мемлекет басшысының Көбейтұз көліне ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін беру туралы тапсырмасын орындау аясында Ақмола облысында су айдынын «Бұйратау»...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – құқық бұзушылық әрі адам құқықтарын өрескел бұзу. Ол тек күш қолданумен шектелмейді. Қорлау, қорқыту, бопсалау, экономикалық...

Оқу керек

Жеті партия, бір эфир және сайлауалды науқанның алғашқы саяси сыны

Жеребе, Әдеп хартиясы және баршаға ортақ ашық микрофон –...

Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпінін сақтап отыр

Бүгін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен облыс...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған