Жағымды жаңалықтарЖаңа жатақхана – жарқын болашақтың баспалдағы

Жаңа жатақхана – жарқын болашақтың баспалдағы

-

- Advertisment -spot_img

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде студенттер үшін қуанышты оқиға орын алды – жаңа студенттік жатақхананың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл шара оқу орнының тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі ретінде есте қалмақ.

Салтанатты жиынға Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Айнагүл Балташева, «Нурбанк» АҚ өкілдері және колледждің әлеуметтік серіктестері қатысты.

Колледж президенті Шоқан Қасым қатысушыларды құттықтап, жаңа жатақхананың ашылуы – студенттердің жайлы өмір сүруі мен сапалы білім алуына жасалған үлкен қадам екенін атап өтті. Өз кезегінде, облыстық білім басқармасының басшысы Айнагүл Балташева оқу орнының ұжымын және білім алушыларды бой көтерген студенттер үйімен құттықтап, жас буынға табыс пен толағай жетістік тіледі.

Салтанатты сәтте Шоқан Қасым мен Айнагүл Балташева бірге символдық қызыл лентаны қиып, жатақхананы ресми түрде пайдалануға берді. Қонақтар жаңа ғимараттың бөлмелерін аралап, студенттердің тұрмыс жағдайымен танысты.

Іс-шара барысында қонақтар ерлік көрсетіп, өрттен үш баланы аман алып қалған 4 курс студенті Мирас Тоқсанбаевпен жүздесті. Айнагүл Балташева батыр студентке өз алғысын білдіріп, оған ноутбук пен Алғыс хат табыстап, оқуда табыс және жарқын болашақ тіледі.

2023–2025 жылдар аралығында салынған жаңа жатақхана 436 студенттің жайлы өмір сүруіне арналған. Бұл нысанның ашылуы – жастардың тұрмыс сапасын арттырып, білім беру процесінің тиімділігін күшейтетін маңызды әлеуметтік жоба болып табылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған