ҚоғамТемірге жан бітірген шебер

Темірге жан бітірген шебер

-

- Advertisment -spot_img

Кейбір адамдар өзгелер қажетсіз деп санайтын дүниеден сұлулық жасап шығара алады. Сондай жандардың бірі – сәндік-қолданбалы өнер шебері, инженер-механик Серік Жақыпов.

 

Серік Жақыпов 1971 жылы Целиноград ауданында дүниеге келген. Дегенмен ол өзінің туған өлкесі ретінде балалық шағынан бері өсіп-өніп, еңбек етіп келе жатқан Жарқайың ауданын мақтан тұтады. Осында жүріп өз ісінің нағыз шеберіне айналып, қолынан шыққан туындыларын еліміздің түкпір-түкпіріне танытты.

Негізгі мамандығы – құрылысшы. Сонымен қатар инженер-механик ретінде де еңбек еткен. Алайда оның жүрек қалауына айналған іс – темірді көркем өңдеу өнері. Шеберханасында ескі шынжырлар, құбырлар, ауыл шаруашылығы техникаларының бөлшектері мен автокөлік қосалқы бөлшектері жаңа кейіпке еніп, ерекше сәндік бұйымдарға айналады.

Шебердің қолынан шыққан әрбір туынды – қайталанбас өнер туындысы. Әсіресе сәндік зеңбіректер, темірден соғылған үстелдер, ерекше шамдар, жеміс салғыштар, тіреуіштер мен түрлі интерьер бұйымдары көпшіліктің сұранысына ие. Оның еңбектері Қазақстанның әр өңіріндегі тұрғын үйлерді, мекемелерді және жеке коллекцияларды безендіріп тұр.

Серік Жақыпов әрбір бұйымына үлкен жауапкершілікпен қарап, ұсақ бөлшектеріне дейін мұқият өңдейді. Оның жұмыстарынан кәсіби шеберлікпен қатар туған жерге деген сүйіспеншілік, тарихқа құрмет және ұлттық қолөнерді дамытуға деген ықылас айқын сезіледі.

Шебер үнемі ізденіс үстінде. Жаңа идеяларды жүзеге асырып, шығармашылық мүмкіндігін кеңейтіп келеді. Осылайша қарапайым темірден көз тартарлық өнер туындыларын жасап, өз кәсібіне деген адалдығын дәлелдеп жүр.

Серік Жақыпов – еңбекқорлық пен таланттың үйлесімін көрсеткен жан. Оның еңбегі Жарқайың ауданының абыройын асқақтатып, жас шеберлерге үлгі болып келеді.

Бүгінде оның туындылары көптеген көрмелерде таныстырылып, сәндік-қолданбалы өнер байқауларында жоғары бағалануда.

Осындай еңбек адамдары туған өлкеміздің мерейін өсіріп, ұлттық қолөнердің дамуына өз үлестерін қосып келеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында егін орағы науқаны басталды

Осыған орай өңір әкімі Марат Ахметжанов Есіл ауданындағы егіс алқаптарына барып, ораққа алғашқылардың бірі болып кіріскен шаруалардың жұмысымен танысты. Биыл...

Есілде теміржол вокзалы жаңғыртылып, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жаңартылды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Есіл ауданына жұмыс сапары барысында Есіл қаласындағы теміржол вокзалын реконструкциялау жұмыстарының барысымен танысты. Жоба...

Жарқайың ауданы тұрғындарымен кездесуде өңірді дамытудың негізгі бағыттары айқындалды

Державинск қаласында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Жарқайың ауданының тұрғындарымен кездесуі өтті. Ашық диалог барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары...

Қазақстанда «Адам саудасы – ауыр қылмыс!» атты республикалық ақпараттық науқан басталады

Бүгінгі таңда халықаралық қылмыстық топтар жұмыс іздеу үшін цифрлық технологияларды, әлеуметтік желілерді және интернет-платформаларды белсенді қолданады. Жоғары ақы төленетін...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Заң мен тәртіп: Қазақстанда жүргізушілерге қойылатын талаптар күшейтілді

2026 жылғы 25 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» заңына енгізілген бірқатар өзгерістер күшіне енеді. Жаңашылдықтар ең алдымен...

Аршалы ауданында заманауи құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорын салынуда

Аршалы ауданындағы «AQMOLA» индустриялық аймағы Ақмола облысындағы ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын негізгі алаңдардың біріне айналып келеді. Жұмыс сапары...

Оқу керек

Ақмола облысында егін орағы науқаны басталды

Осыған орай өңір әкімі Марат Ахметжанов Есіл ауданындағы егіс...

Есілде теміржол вокзалы жаңғыртылып, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жаңартылды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Есіл ауданына жұмыс сапары...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған