ЭкономикаСалық реформасы мен цифрлы қызметтер: Қаржы министрлігі бизнеспен және...

Салық реформасы мен цифрлы қызметтер: Қаржы министрлігі бизнеспен және халықпен диалогты күшейтіп келеді

-

- Advertisment -spot_img

Қазақстанның Қаржы министрлігі жаңа Салық кодексін енгізу мен басқару ісін цифрлы экожүйенің аясында дамыту бағытындағы кешенді жұмысты жалғастырып жатыр. Айталық, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Ақмола облысының халқымен кездесіп, негізгі өзгерістерді түсіндіре келе азаматтардың көкейкесті сұрақтарына жауап берді.

Ведомство биыл күшіне енген ауқымды салық реформасын бірізді түрде іске асырып келеді. Оның негізгі міндеті — бизнеске әкімшілік жүктемені төмендететін әрі нарықтың адал қатысушыларына тең жағдай беретін ашық, болжамды және сервиске бағдарланған салық жүйесін қалыптастыру.

Аталған реформаға сәйкес фискалды тәсілден салықты басқарудың сервистік моделіне көшу көзделіп отыр. Оның негізінде – процестерді цифрландыру, тәуекелге бағдарланған бақылауды жолға қойып, салық рәсімдерін жеңілдету межеленген.

Қазақстан аймақтың инвестициялық орталығы мәртебесін сақтап отыр: Сарапшылардың бағалауына сүйенсек, Орталық Азиядағы шетелдік инвестициялардың 68,6% (151,3 млрд доллар) елімізде шоғырланған. Жаңа салық саясаты инвестициялық тартымдылықты одан әрі арттыруға бағытталған.

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған цифрландыру бағыты аясында Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа ақпараттық архитектураны құрып жатыр. Мәселен, салық процестерінің бүкіл циклін қамтитын СӘИЖ, KEDEN және Smart Data Finance сынды негізгі жүйелер енгізілді: олар 1000-нан астам әкімшілік операция мен бизнеске арналған 300-ден астам сервисті қамтуға қауқарлы.

Кәсіпкерлерді қолдауға байланысты бейімдеу шаралары қарастырылған. Атап айтқанда, негізгі борышты өтеу кезінде өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығаруды, сондай-ақ салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін тарату рәсімдерін жеңілдетуді көздейтін «Таза парақтан» бағдарламасы іске асырылып келеді.

Халықпен кері байланыс орнатуға ерекше мән беріліп отыр. Қаржы министрлігі «Атамекен» ҰКП-мен, жұмыс топтары арасындағы өзара іс-қимыл мен Үкімет жанындағы жобалау кеңсесі арқылы іскер ортамен тұрақты диалог жүргізіп жатыр. Өңірлерде «Халық бухгалтері» акциясы, сондай-ақ call-орталық пен цифрлы арналардың көмегімен белсенді түсіндіру жұмыстары атқарылып келеді: жыл басынан бері 134 мыңнан астам өтініш өңделіп, жиі қойылатын сұрақтарға 150 жуық жауап берілді.

Қаржы министрлігі реформалардың ашықтығы мен өзара байланысқа назар аудара отырып, тиісті рәсімдерді жедел реттеу арқылы халықпен және бизнеспен ашық кездесулер өткізуді нығайта түседі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Негізгі назар...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...

Ақмола облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі басымдықтар Халық Кеңесінің төрағасымен талқыланды

Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында қоғам өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен, ғылыми қауымдастық және этномәдени...

Ақмола облысында Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңір активімен кездесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері»...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Republic Day және Bereke Fest: қазақстандықтар жеңілдікпен тауарларды қайдан сатып ала алады?

Қазақстанның барлық 20 өңірінде Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасуда. Мерекелік науқанға еліміз...

Республика күні – елдік пен жауапкершілік мерекесі

Құрметті отандастар! Баршаңызды еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация...

Оқу керек

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған