Жағымды жаңалықтарРеновация және жолдар: Родина ауылын дамыту жалғасуда

Реновация және жолдар: Родина ауылын дамыту жалғасуда

-

- Advertisment -spot_img

Целиноград ауданына жұмыс сапары барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов реновация бағдарламасы аясында салынған жаңа тұрғын үйлермен де танысты.

Шаруашылықтың қаржысы есебінен ауылдағы ескі, тозығы жеткен үйлердің орнына 14 екі қабатты, әрқайсысы 8 пәтерлі тұрғын үй салынды. Жыл соңына дейін тағы екі үйдің құрылысы аяқталады деп жоспарлануда. Бағдарламаның арқасында бүгінде 100-ден астам отбасы жаңа пәтерге қол жеткізді.

«Родина ауылы – бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы тиімді ынтымақтастықтың жарқын үлгісі. “Родина” агрофирмасы тұрғын үйлер салып жатса, біз өз тарапымыздан балаларға арналған спорт алаңдарын салудамыз», – деді Марат Ахметжанов жаттықтырушылармен және жас спортшылармен әңгімелесу барысында.

2025 жылдың қазан айында ауылда футбол, волейбол, баскетбол алаңдары, теннис корты және воркаут аймағы пайдалануға берілді. Балалар үшін арнайы ойын алаңы орнатылды. Сонымен қатар «Родина» агрофирмасының қаражаты есебінен спортшыларға арналған сыртқы санитарлық аймақтар мен киім ауыстыру бөлмелері салынды. Биыл ауылда ату тирі орнатылып, хоккейшілерге арналған лақтыру аймағы мен асық ату алаңының құрылысы жүргізілуде.

Сондай-ақ Родина ауылында көше-жол желілерін күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда жұмыстардың 90 пайызы аяқталған: асфальт төсеу толық жүргізіліп, көше жарығы ауыл теңгеріміне берілді. Абаттандыру жұмыстарын жаз мезгілінде толық аяқтау жоспарланып отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Жеті партия, бір эфир және сайлауалды науқанның алғашқы саяси сыны

Жеребе, Әдеп хартиясы және баршаға ортақ ашық микрофон – аптаның басты саяси кеші дәл осындай форматта өтті. Сайлауалды науқан партиялардың...

Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпінін сақтап отыр

Бүгін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің отырысында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары...

Қабырғалар сөйлеген күн: Целиноград ауданындағы муралдар жаңа дәуірдің бояуына айналды

Кейде бір ғана сурет тұтас көшенің тынысын өзгерте алады. Кеше ғана көзге үйреншікті болып көрінген ескі ғимараттар бүгін ерекше...

Бұланды ауданында 57 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды

Макинск қаласында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа пәтер кілттерін табыстау рәсімі өтті. Қоныс тойын атап өткен 57 отбасы үшін...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Көбейтұз көлінде табиғатты қорғау шектеулері орнатылды

Мемлекет басшысының Көбейтұз көліне ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін беру туралы тапсырмасын орындау аясында Ақмола облысында су айдынын «Бұйратау»...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – құқық бұзушылық әрі адам құқықтарын өрескел бұзу. Ол тек күш қолданумен шектелмейді. Қорлау, қорқыту, бопсалау, экономикалық...

Оқу керек

Жеті партия, бір эфир және сайлауалды науқанның алғашқы саяси сыны

Жеребе, Әдеп хартиясы және баршаға ортақ ашық микрофон –...

Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпінін сақтап отыр

Бүгін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен облыс...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған