Жағымды жаңалықтарҚосшыда бизнес-идеяларды дамытуға арналған гранттарға сұраныс жоғары

Қосшыда бизнес-идеяларды дамытуға арналған гранттарға сұраныс жоғары

-

- Advertisment -spot_img

Қосшы қаласында кәсіпкерлікті қолдау аясында жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға арналған мемлекеттік гранттарға сұраныс жыл сайын артып келеді.

Өтінімдерді қабылдау мен қарау рәсімдері толығымен электронды форматқа көшіріліп, Business.enbek.kz порталы арқылы жүргізіледі. Бұл шара ашықтықты арттырып, адами факторды азайтуға және үміткерлер үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Қатысу талаптары

Мемлекеттік грантқа өтінім беру үшін келесі талаптарға сәйкес болу қажет:

  • тіркелген жұмыссыздар;

  • жеке кәсіпкер (тіркелгеніне 3 жылға дейін).

Сонымен қатар, үміткерлер төмендегі әлеуметтік санаттардың біріне жатуы тиіс:

  • мүмкіндігі шектеулі тұлғалар;

  • «қандас» мәртебесі бар азаматтар;

  • өңіраралық қоныс аударушылар;

  • аз қамтылған отбасы мүшелері;

  • көпбалалы отбасы мүшелері (жұбайы/жары);

  • мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған тұлғалар;

  • асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар.

Грант қаражатын пайдалану бағыттары

Грант қаражаты тек нақты кәсіпкерлік мақсаттарға жұмсалады:

  • инвентар, құрал-сайман, технологиялық жабдық сатып алу;

  • мал, құс, жануарлар алу.

Грант келесі мақсаттарға берілмейді:

  • тұтынушылық мақсаттарға;

  • кредиттерді өтеуге;

  • тұрғын үй сатып алу немесе салуға;

  • жер телімдерін сатып алуға;

  • акцизделетін өнім өндіруге.

Өтінімдерді қабылдау тәртібі

Өтінімдер Business.enbek.kz порталы арқылы қабылданады:

  • 1-ағын – 2025 жылғы 21 мамыр;

  • 2-ағын – 2025 жылғы 11 тамыз;

  • 3-ағын – 2025 жылғы 20 қазан – 3 қараша.

Грант көлемі — 400 АЕК (1 572 800 теңге).

Өтінім беру барысында қатысушылар:

  1. порталға тіркеледі;

  2. сертификат алады;

  3. грант алу шарттарына сәйкестігі тексеріледі;

  4. бизнес-жоспар жүктейді;

  5. электронды форманы толтырады.

Барлық өтінімдер 2021–2025 жылдарға арналған «Кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы аясында құрылған комиссияда қаралды.

Нәтижелер

1-ағын:
– 23 өтінім қабылданды;
– 6 өтінім мақұлданды;
– 17 өтінім кері қайтарылды.

2-ағын:
– 18 өтінім қабылданды;
– 7 өтінім мақұлданды;
– 11 өтінім кері қайтарылды.

3-ағын:
– 13 өтінім қабылданды;
– 7 өтінім мақұлданды;
– 6 өтінім кері қайтарылды.

Жалпы, 20 азамат мемлекеттік грант иегері атанып, өз бизнес-идеяларын жүзеге асыруда.

Грант иегерлерінің бизнес бағыттары

Қаржылай қолдау алған жобалар қала экономикасының әртүрлі саласын қамтиды:

  • жылыжайда көкөніс өсіру;

  • дизайн студиясын дамыту;

  • жиһаз жасау цехы;

  • мұз өндіру және сату;

  • сұлулық салондарын ашу;

  • массаж кабинеттерін ұйымдастыру;

  • түйе және қой жүнінен тоқыма өнімдерін шығару;

  • автокөлік диагностикасы;

  • ғимарат қасбеттеріне арналған панельдер өндірісі;

  • ұлттық ою-өрнекке негізделген графикалық қызметтер;

  • қала көрнекілік брендтерін жасау;

  • «SHADOW SHOW» көлеңке театрын дамыту;

  • жаңа туған нәрестелерге арналған бұйымдар тоқу;

  • сублимациялық аппликация және гибридті сәндік бұйымдар шеберханасы.

Мемлекеттік гранттар кәсіпкерлерге өз идеяларын өмірге асыруға, шағын және орта бизнеске серпін беруге мүмкіндік туғызады, бұл өңір экономикасын дамытуда маңызды рөл атқарады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Жеті партия, бір эфир және сайлауалды науқанның алғашқы саяси сыны

Жеребе, Әдеп хартиясы және баршаға ортақ ашық микрофон – аптаның басты саяси кеші дәл осындай форматта өтті. Сайлауалды науқан партиялардың...

Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпінін сақтап отыр

Бүгін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің отырысында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары...

Қабырғалар сөйлеген күн: Целиноград ауданындағы муралдар жаңа дәуірдің бояуына айналды

Кейде бір ғана сурет тұтас көшенің тынысын өзгерте алады. Кеше ғана көзге үйреншікті болып көрінген ескі ғимараттар бүгін ерекше...

Бұланды ауданында 57 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды

Макинск қаласында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа пәтер кілттерін табыстау рәсімі өтті. Қоныс тойын атап өткен 57 отбасы үшін...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Көбейтұз көлінде табиғатты қорғау шектеулері орнатылды

Мемлекет басшысының Көбейтұз көліне ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін беру туралы тапсырмасын орындау аясында Ақмола облысында су айдынын «Бұйратау»...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – құқық бұзушылық әрі адам құқықтарын өрескел бұзу. Ол тек күш қолданумен шектелмейді. Қорлау, қорқыту, бопсалау, экономикалық...

Оқу керек

Жеті партия, бір эфир және сайлауалды науқанның алғашқы саяси сыны

Жеребе, Әдеп хартиясы және баршаға ортақ ашық микрофон –...

Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпінін сақтап отыр

Бүгін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен облыс...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған