Жағымды жаңалықтарҚосшы қаласында 40 пәтердің кілттері жаңа тұрғындарға табысталды

Қосшы қаласында 40 пәтердің кілттері жаңа тұрғындарға табысталды

-

- Advertisment -spot_img

Қосшы қаласында жаңа пәтерлердің кілттерін салтанатты түрде табыстау шарасы өтті. Әлеуметтік жағынан әлсіз топқа жататын 40 отбасы өздерінің жеке баспанасының иесі болды. Жаңа тұрғындарды облыс әкімі Марат Ахметжанов жеке құттықтап, осындай әлеуметтік жобаларды іске асыру аймақ тұрғындарының өмір сапасын арттырудағы маңызды қадам екенін атап өтті.

«Бүгінгі оқиға – тек қана пәтер кілтін табыстау емес, бұл отбасылар үшін жайлы жағдай жасауға және облыс тұрғындарына әлеуметтік кепілдіктерді күшейтуге бағытталған қадам. Біздің өңірде кезекте тұрған азаматтарға, әлеуметтік жағынан осал топтарға, көпбалалы отбасыларға және жетім балаларға жаңа пәтер кілтін беру дәстүрге айналды. Бүгін бұл жаңа пәтерге көшудің эстафетасы Қосшы қаласында жалғасуда», – деді Марат Ахметжанов.

Аймақ басшысы қала тұрғындарын тазалықты сақтауға және өскелең ұрпақты осыған үйретуге шақырды.

Жаңа тұрғындар толық дайын пәтерлердің кілтін алды. Көптеген адамдар жаңа, ыңғайлы және жайлы тұрғын үйдің құндылығын бағалап үлгерді. Солардың бірі – ерекше бала тәрбиелеп отырған Көркем Темірқызы.

«Пәтер үшін және біздің қаламызда болып жатқан барлық өзгерістер үшін алғыс айтамын. Қосшы әр жыл сайын жақсарып келеді, мұнда өмір сүру ыңғайлы әрі жайлы болып жатыр, бұл барлық тұрғындарды қуантады», – деді Көркем Темірқызы.

Айта кетейік, биылдан бастап Бурабай, Сандықтау, Зеренді, Бұланды аудандары мен Қосшы қаласында жалға берілетін және кейіннен меншікке алуға болатын пәтерлер беріліп келеді.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған