ҚоғамМарат Ахметжанов Көкшетаудағы көпбейінді аурухананың құрылысы барысын инвесторлармен талқылады

Марат Ахметжанов Көкшетаудағы көпбейінді аурухананың құрылысы барысын инвесторлармен талқылады

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысында өңір үшін ғана емес, бүкіл ел үшін маңызды әлеуметтік жобалардың бірі – мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында заманауи көпбейінді облыстық аурухана салу жобасы жүзеге асырылуда. Аталған ауқымды нысандағы құрылыс жұмыстарының барысы мен жобаны іске асыруға қатысты өзекті мәселелерді облыс әкімі Марат Ахметжанов инвесторлармен өткен жұмыс кеңесінде талқылады.

Кездесуде инженерлік инфрақұрылымды дайындау мәселесіне ерекше назар аударылды. Қазіргі таңда нысанның құрылыс жұмыстары 70%-ға орындалған және жылу әрі сумен жабдықтауды қабылдауға толық дайын. Алдағы уақытта Көкшетау қаласының әкімдігі нысанды қалалық инженерлік желілерге қосуды қамтамасыз етуі тиіс. Бұл жабдықтарды іске қосу-баптау жұмыстарына көшуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар құрылыс алаңындағы жұмыстар белгіленген кестеге сәйкес қарқынды жүргізілуде: күн сайын мұнда 2300-ден астам маман және 50-ге жуық арнайы техника жұмылдырылған, ал келесі аптадан бастап нысанға іргелес автомобиль жолының құрылысы басталады.

«Мемлекет басшысы көпбейінді облыстық аурухана құрылысы жобасы өңірде мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асырылып жатқан ірі әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының бірі екенін атап өтті. Жаңа аурухана облыс тұрғындарына заманауи медициналық көмек көрсету мүмкіндігін едәуір кеңейтіп, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттырады, сондай-ақ медицина мамандарының жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасайды. Ақмола облысы құрылыс қарқыны бойынша көшбасшы өңірлердің қатарында. Өңір ірі жобаларды жүзеге асыруға дайын, сондықтан бізге сенімді серіктестер қажет», – деді Марат Ахметжанов.

Кездесу қорытындысы бойынша өңір басшысы жауапты басқармалар мен жергілікті атқарушы органдарға инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетіп, туындаған мәселелерді жедел шешуді тапсырды. Инвесторлар тарапынан Қазақстанмен ынтымақтастыққа жоғары баға беріліп, көрсетіліп отырған қолдау үшін алғыс білдірілді. Жаңа медициналық орталықты 2027 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Негізгі назар...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...

Ақмола облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі басымдықтар Халық Кеңесінің төрағасымен талқыланды

Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында қоғам өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен, ғылыми қауымдастық және этномәдени...

Ақмола облысында Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңір активімен кездесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері»...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Republic Day және Bereke Fest: қазақстандықтар жеңілдікпен тауарларды қайдан сатып ала алады?

Қазақстанның барлық 20 өңірінде Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасуда. Мерекелік науқанға еліміз...

Республика күні – елдік пен жауапкершілік мерекесі

Құрметті отандастар! Баршаңызды еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация...

Оқу керек

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған