Жағымды жаңалықтарҰлттық тасымалдаушы Астана – Бурабай бағдары бойынша «Burabay Express»...

Ұлттық тасымалдаушы Астана – Бурабай бағдары бойынша «Burabay Express» жаңа электрпойызын іске қосты

-

- Advertisment -spot_img

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға Астана-Бурабай курорты бағдары бойынша №888/887 «Burabay Express» жаңа буын электрпойызын ұсынып отыр. Жаңа электр пойызы Петропавл қаласындағы отандық зауытта шығарылған және сандық шешімдерді есепке ала отырып, көп деңгейлі сервистік қызмет көрсетуді, жылдам қозғалысты біріктірген, барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.

Жақын арада «Burabay Express» пойызында жолаушыларға жоғары жылдамдықты интернет пен борттық тамақтану қызметі қолжетімді болады.

Жаңа кешенді сервис жол бойы жолақы мен тағамды онлайн немесе банк картасы арқылы қолма-қол ақшасыз төлеуге мүмкіндік береді.

Елордадан Қазақстанның ең танымал туристік бағыттарының біріне дейін сапар небәрі 2,5 сағатты алады. Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға пойызға елорданың екі вокзалынан мінуді және курорттық аймақтағы қонақүйлерге кіру мен шығу үшін ыңғайлы кестені ұсынады.

«Burabay Express» аптасына бес рет жүреді. Бұл бағдарға билеттерді клиенттер алғаш рет пойыз жөнелтілгенге дейін 45 күн бұрын сатып ала алады. Жол жүру құны: бірінші класты 5 805 теңге, екінші класты 3 586 теңге және үшінші класты 2 962 теңге.

Астанадан электрпойыз таңертең сағат 11:00-де жөнелтіледі және Бурабайға сағат 13:35-те келеді, ал Бурабай курортынан осы күні сағат 14:15-те қайтады және елордаға сағат 17:00-де келеді.

Электрпойызының қала маңындағы құрамына ауаны баптау жүйесі, қызмет көрсетудің жайлы үш қатары бар және 374 орынға есептелген 6 вагон кіреді.

Бірінші класты жолаушыларға реттелетін арқалықтары мен жеке үстелдері, багажға арналған сөресі бар жоғары жайлылық креслолары ұсынылады. Ақпараттық және ойын-сауық контентін көрсету үшін мониторлар жабдықталған, Wi-Fi мультимедиялық жабдықтары орнатылған. Әрбір отырғызу орнында гаджеттер мен мобильді құрылғыларға арналған USB қосқыштары бар. Вагон сапар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Алғаш рет жолаушыларға борттық тамақтану ұсынылады.

Екінші класты  қол жетімді баға мен қызметтің жоғары деңгейін, Wi-Fi мультимедиялық жабдықтарын, бейнебақылауды, ұялы телефондардың зарядтау нүктелерін біріктіреді, сонымен қатар әртүрлі сусындар мен әртүрлі мәзірлерді сататын купе-буфет орнатылған.

Үшінші класты вагонда жылдам зарядтау функциясы бар кіріктірілген USB/Type-C розеткалары бар ыңғайлы креслолы орындар қарастырылған.  Тамбур аймағында велосипед тұрағы үшін қол жетімді орын бар. «Burabay Express» инклюзивтілік, ыңғайлылық және қолайлылық қағидаттарын ескере отырып әзірленген. Жаңа электрпойызының үшінші класы екі жағынан да платформалық көтергіштермен және арнайы санитарлық аймақпен жабдықталған, бұл ерекше қажеттіліктері бар жолаушыларға ыңғайлылық пен қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Барлық вагондарда платформасы төмен станциялардан отыруды және түсуді жеңілдететін автоматты жылжымалы аяқ тіректері бар, бұл әсіресе егде жастағы адамдар мен балалары бар жолаушылар үшін ыңғайлы. Сондай-ақ, арнайы қажеттіліктері бар жолаушыларға арналған кеңейтілген кабиналарды қоса алғанда, биодәретханалар орнатылған.

Пойыздың сыртқы келбеті Ұлттық тасымалдаушының фирмалық стилінде жасалған. Локомотив бригадалары үшін қауіпсіз жұмыс жағдайларын қамтамасыз ететін көп позициялы реттелетін эргономикалық креслолар қарастырылған.

Rixos Borovoe қонақ үйіне түсуді жоспарлап отырған «Burabay Express» жолаушыларына теміржол вокзалынан тікелей қонақүй аумағына дейін тегін трансфер ұйымдастырылып отыр. Көлік вокзалға кіре берісте келген жолаушыларды күтіп алады, бұл демалыс орнына тоқтаусыз ыңғайлы жетуге мүмкіндік береді. Мұндай қызмет әсіресе балалары бар, үлкен багажы бар немесе бірінші рет саяхаттайтын туристер үшін маңызды. Трансфер уақытты үнемдейді және демалу жолын одан да жағымды және қолжетімді етеді.

«Burabay Express» жаңа құрамын іске қосу — бұл қызмет көрсету сапасын арттыруға, инновацияларды енгізуге және барлық азаматтар үшін көлік қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған қала маңындағы тасымалдарды дамытудағы кезекті қадам.

Вагон паркін жаңарту – ұлттық тасымалдаушының басты стратегиялық міндеті.

 «Жолаушылар тасымалы» АҚ  Баспасөз-қызметі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Негізгі назар...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...

Ақмола облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі басымдықтар Халық Кеңесінің төрағасымен талқыланды

Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында қоғам өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен, ғылыми қауымдастық және этномәдени...

Ақмола облысында Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңір активімен кездесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері»...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Republic Day және Bereke Fest: қазақстандықтар жеңілдікпен тауарларды қайдан сатып ала алады?

Қазақстанның барлық 20 өңірінде Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасуда. Мерекелік науқанға еліміз...

Республика күні – елдік пен жауапкершілік мерекесі

Құрметті отандастар! Баршаңызды еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация...

Оқу керек

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған