ҚоғамКурорт-Бурабай теміржол вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін қайта ашылды

Курорт-Бурабай теміржол вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін қайта ашылды

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысында жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін Курорт-Бурабай теміржол вокзалы пайдалануға берілді. Салтанатты іс-шараға Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Елдос Нестай және «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Төрегелдин қатысты.

Бурабай – Қазақстандағы ең танымал туристік бағыттардың бірі, ал Курорт-Бурабай вокзалы курорттық аймақтың көлік қолжетімділігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты нысан елдегі туристік бағыттарда орналасқан және жаңғырту бағдарламасы аясында ерекше назар аударылған 20 теміржол вокзалының қатарына енді.

«Щучинск қаласындағы вокзалдың реконструкциясы Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан еліміз бойынша 124 теміржол вокзалын жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарламаның бір бөлігі болып табылады. Өңірде көлік жүйесі кезең-кезеңімен дамып келеді. Жаңа тыныс алатын 16 вокзал бар, бұл – республикадағы ең жоғары көрсеткіш. Қолайлы жағдайлар өңірдің қала және ауыл тұрғындары үшін бұрынғыдан да қолжетімді бола түседі», – деп атап өтті Елдос Рамазанов.

Жаңғырту барысында ғимараттың қасбеті мен ішкі бөлмелері, инженерлік желілер жаңартылды, жайлы күту аймақтары жасалды, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жағдайлар жақсартылды. Жүзеге асырылған шешімдер жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын, қауіпсіздік пен жайлылық деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.

Айта кетейік, Ақмола облысында маусым айының соңына дейін Макинск және Шортанды вокзалдары да ашылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында егін орағы науқаны басталды

Осыған орай өңір әкімі Марат Ахметжанов Есіл ауданындағы егіс алқаптарына барып, ораққа алғашқылардың бірі болып кіріскен шаруалардың жұмысымен танысты. Биыл...

Есілде теміржол вокзалы жаңғыртылып, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жаңартылды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Есіл ауданына жұмыс сапары барысында Есіл қаласындағы теміржол вокзалын реконструкциялау жұмыстарының барысымен танысты. Жоба...

Жарқайың ауданы тұрғындарымен кездесуде өңірді дамытудың негізгі бағыттары айқындалды

Державинск қаласында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Жарқайың ауданының тұрғындарымен кездесуі өтті. Ашық диалог барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары...

Қазақстанда «Адам саудасы – ауыр қылмыс!» атты республикалық ақпараттық науқан басталады

Бүгінгі таңда халықаралық қылмыстық топтар жұмыс іздеу үшін цифрлық технологияларды, әлеуметтік желілерді және интернет-платформаларды белсенді қолданады. Жоғары ақы төленетін...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Заң мен тәртіп: Қазақстанда жүргізушілерге қойылатын талаптар күшейтілді

2026 жылғы 25 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» заңына енгізілген бірқатар өзгерістер күшіне енеді. Жаңашылдықтар ең алдымен...

Аршалы ауданында заманауи құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорын салынуда

Аршалы ауданындағы «AQMOLA» индустриялық аймағы Ақмола облысындағы ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын негізгі алаңдардың біріне айналып келеді. Жұмыс сапары...

Оқу керек

Ақмола облысында егін орағы науқаны басталды

Осыған орай өңір әкімі Марат Ахметжанов Есіл ауданындағы егіс...

Есілде теміржол вокзалы жаңғыртылып, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жаңартылды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Есіл ауданына жұмыс сапары...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған