СпортКөкшетаулық «Оқжетпес» ФК-ның коммерцияландыру рәсімі басталды

Көкшетаулық «Оқжетпес» ФК-ның коммерцияландыру рәсімі басталды

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысы әкімдігінде өңір әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен «Оқжетпес» футбол клубының қызметіне қатысты жұмыс кеңесі өтті. Ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өкілдері кәсіби спортты дамытуға бизнестің жүйелі қатысу моделін қалыптастыру мәселелерін талқылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің кәсіби спортты кезең-кезеңімен коммерцияландыру және клубтардың бюджет қаржыландыруына тәуелділігін азайту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында клубты неғұрлым тұрақты қаржылық модельге көшіру мәселелері қаралды.

Қорытынды бойынша «Оқжетпес» ФК қоғамдық қорын құру жөнінде шешім қабылданды. Қордың құрылтайшысы «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының иегері, «Агрофирма «Родина» ЖШС директоры, Ақмола облысының Құрметті азаматы, еліміздің аграрлық секторының беделді өкілдерінің бірі Иван Адамович Сауэр болады. Ол өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен бірлесіп, ақмолалық футболға жүйелі қолдау көрсетеді.

Осылайша, «Оқжетпес» ФК өңірлік бизнестің қатысуымен жаңа басқару моделіне көшеді, ал облыста кәсіби спортты бюджеттен тыс қаржыландырудың жүйелі тетігі қалыптасады.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Негізгі назар...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...

Ақмола облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі басымдықтар Халық Кеңесінің төрағасымен талқыланды

Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында қоғам өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен, ғылыми қауымдастық және этномәдени...

Ақмола облысында Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңір активімен кездесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері»...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Republic Day және Bereke Fest: қазақстандықтар жеңілдікпен тауарларды қайдан сатып ала алады?

Қазақстанның барлық 20 өңірінде Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасуда. Мерекелік науқанға еліміз...

Республика күні – елдік пен жауапкершілік мерекесі

Құрметті отандастар! Баршаңызды еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация...

Оқу керек

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған