ҚоғамКөкшетаудағы балалардың қауіпсіздігіне кім жауап береді?

Көкшетаудағы балалардың қауіпсіздігіне кім жауап береді?

-

- Advertisment -spot_img

Көкшетау қаласында бірқатар көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында ойын алаңдарының іргесінде заңсыз қойылған металл гараждар әлі де кездеседі. Бұл, ең алдымен, балалардың өміріне тікелей қауіп төндіреді. Ауладағы жеткіншектер кейде сол гараждардың үстіне шығып ойнайды, ал дәл жанынан көліктердің қозғалысы апатқа ұрындыруы әбден мүмкін. Бұдан бөлек, кейбір гараждарға тартылған электр сымдарының қаншалықты қауіпсіз екені беймәлім.

Осы тектес жағдай Көкшетаудағы №19 орта мектептің алдында да байқалады. Жол бойына қойылған гараждар мен сапасыз тротуар мәселені одан әрі күрделендіруде. Бір тұста бар, екінші тұста жоқ жаяулар жолы, шұрық-тесік көлік жүретін бөлік, жол шетін басқан ағаштар – мұның бәрі оқушылардың жүріп-тұруына үлкен кедергі келтіреді. Әсіресе сабақ басталар және аяқталатын уақытта көлік кептелісінен оқушылар амалсыз машиналардың арасымен жүруге мәжбүр. Мұндай көрініс – олардың өмірі мен қауіпсіздігіне төнген қатердің айқын дәлелі.

Жаңбырлы күндері жағдай тіпті қиындайды. Шұрық-тесік жолдар суға толып, балалар мектепке жеткенше киімі су болып, үсті-басы лайға малынады. Бұл – өркениетті қоғамға мүлде жат көрініс.

Жергілікті тұрғындар да алаңдаулы.
Қала тұрғыны Гүлнар Әбдіқалықова: «Балаларымыз мектепке шыққанда әрдайым уайымдаймыз», – десе, Ерлан Сүлейменов: «Көліктер мен гараждардың арасынан өту – нағыз сынақ. Әкімдік дереу шешім қабылдауы тиіс», – дейді.

Шынында да, ХХІ ғасырда көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында тауық қорасын елестететін металл гараждардың тұруы қисынға келмейді. Бүгінде әр отбасында кем дегенде бір көлік бар. Егер әркім өз қалауынша аулаға гараж орната берсе, ертеңгі күні жағдайдың қаншалықты ушығатынын елестету қиын емес. Тіпті кезінде құжатын заңдастырып алғандардың өзіне қатысты мәселені қайта қарап, қоғам қауіпсіздігін бірінші орынға қоюға тура келеді. «Мемлекет мұқтаждығы үшін» деген заңдық негіз бар емес пе? Ендеше, неге оны қолдануға батылдық жетпейді?

Әкімдік балалардың жол қауіпсіздігіне жеткілікті деңгейде назар аудармай отырғаны жасырын емес. Ал тұрғындар нақты әрекет күтіп отыр. Тұрғын үй аулалары мен мектеп маңындағы гараждарға толық түгендеу жүргізіп, қауіпті нысандарды жою – уақыт талабы.

Түйін: Баланың қауіпсіздігі – қоғамның болашағына деген қамқорлықтың айқын өлшемі. Ендеше, билік балалар үшін қауіпсіз орта құруға нақты қадам жасай ма, әлде қазіргі бейберекет жағдайға көз жұма қарай бере ме?

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған