КөкшетауХалық үні ескерілді: Көкшетауда инфрақұрылымсыз қалған көше жаңғыртылды

Халық үні ескерілді: Көкшетауда инфрақұрылымсыз қалған көше жаңғыртылды

-

- Advertisment -spot_img

Көкшетау қаласындағы Жұмбақтас көшесінің тұрғындары ұзақ жылдар бойы қарапайым инфрақұрылымның жоқтығынан қиындық көріп келді. Жол, жарық пен өзге де қажетті жағдайлар шешімін таппай, мәселе қордалана түскен еді. Үміт артқан тұрғындар AMANAT партиясының қоғамдық қабылдауына келіп, өз өтініштерін жеткізіп, қалалық мәслихат депутаты Фаим Жұмабековтен нақты қолдау сұрады.

Тұрғындардың басты мәселесі — көшеде жол мен кәріз жүйесінің болмауы, сондай-ақ 25 жылдан астам уақыт жарықтандырудың жоқтығы. Бұл жағдай жедел жәрдем, төтенше жағдай қызметтері және қарапайым көліктер үшін айтарлықтай қиындық туғызатын. Әсіресе жаңбырлы мен боранды күндері көлік қозғалысына, тұрғындардың күнделікті тіршілігіне қиындықтар тудыратын. Кешкі уақытта жарықтың болмауы қауіпсіздік мәселесін де өзекті етті.

Тұрғындардың өтініші назардан тыс қалмай, мәселе депутаттың жеке бақылауына алынып, жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмыс нәтижесінде қысқа мерзім ішінде нақты шаралар жүзеге асырылды.

«Мен осы көшенің тұрғынымын, осында тұрғаныма 30 жыл болады. Депутат Жұмабеков келгеннен бері үлкен жұмыстар атқарылды: кәріз жүйелері жасалды, көше абаттандырылды, тротуар, асфальт, жарық орнатылды. Бұрын жол топырақ болатын, балалар жолдың бойымен жүретін. Жаңбыр жауса, су ағып, үйлерді су басатын. Қазір бәрі реттелді. Жасалған жұмыс үшін рахмет», — деді жергілікті тұрғын Болат Уаисов.

Жаңартылған инфрақұрылым тұрғындардың өмір сапасын айтарлықтай жақсартты. Арнайы қызмет көліктері кедергісіз келе алады, ал кешкі уақытта орнатылған жарықтандыру қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Депутат Фаим Жұмабеков сайлау округіндегі инфрақұрылым мәселелерін кезең-кезеңімен шешу жұмыстары жалғасатынын атап өтті:

«Менің сайлау округімдегі көшелердің бірі қарапайым инфрақұрылымсыз қалған болатын. Тұрғындар бұл мәселені бірнеше рет көтерген. Жағдайды жеке бақылауыма алып, әкімдікпен бірлескен жұмыс нәтижесінде көшеге жол салынып, жарықтандыру орнатылды, тротуарлар мен кәріз жүйесі жүргізілді. Тұрғындардың мәселесін тыңдап, нақты шешім қабылдау — біздің басты міндетіміз. Енді көшеде жүру қауіпсіз әрі жайлы болды. Халыққа көмек беру — біздің негізгі парызымыз. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады», — деді депутат.

Тұрғындар мұндай нақты істер халық сенімін нығайтатынын атап өтті. Бұл бастама — кері байланыс орнатып, нақты мәселелерді жедел әрі тиімді шешудің айқын үлгісі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Жеті партия, бір эфир және сайлауалды науқанның алғашқы саяси сыны

Жеребе, Әдеп хартиясы және баршаға ортақ ашық микрофон – аптаның басты саяси кеші дәл осындай форматта өтті. Сайлауалды науқан партиялардың...

Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпінін сақтап отыр

Бүгін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің отырысында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары...

Қабырғалар сөйлеген күн: Целиноград ауданындағы муралдар жаңа дәуірдің бояуына айналды

Кейде бір ғана сурет тұтас көшенің тынысын өзгерте алады. Кеше ғана көзге үйреншікті болып көрінген ескі ғимараттар бүгін ерекше...

Бұланды ауданында 57 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды

Макинск қаласында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа пәтер кілттерін табыстау рәсімі өтті. Қоныс тойын атап өткен 57 отбасы үшін...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Көбейтұз көлінде табиғатты қорғау шектеулері орнатылды

Мемлекет басшысының Көбейтұз көліне ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін беру туралы тапсырмасын орындау аясында Ақмола облысында су айдынын «Бұйратау»...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – құқық бұзушылық әрі адам құқықтарын өрескел бұзу. Ол тек күш қолданумен шектелмейді. Қорлау, қорқыту, бопсалау, экономикалық...

Оқу керек

Жеті партия, бір эфир және сайлауалды науқанның алғашқы саяси сыны

Жеребе, Әдеп хартиясы және баршаға ортақ ашық микрофон –...

Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпінін сақтап отыр

Бүгін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен облыс...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған