Жағымды жаңалықтар«Домбырадан дзюдоға дейін»: Қосшыда болашақ чемпиондар мен өнер жұлдыздары...

«Домбырадан дзюдоға дейін»: Қосшыда болашақ чемпиондар мен өнер жұлдыздары өсіп келеді

-

- Advertisment -spot_img

Қосшы қаласында орналасқан Қоғамдық мәдени-спорт кешені бүгінде қала тұрғындарының рухани және мәдени өмірінің маңызды орталығына айналды. Мұнда өнер мен спортты ұштастыра отырып, жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін дамытып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға басымдық берілген.

Қазіргі таңда мәдени-шығармашылық бағыттағы 12 үйірмеде екі жүзге жуық жеткіншек білім алуда. Олардың арасында «Шертер» және «Алтын перне» домбыра, «Қобыз үні» қобыз, «Тылсым әуен» жетіген, «Саз сыры» сазсырнай, «Voice» және «Жұлдызды дауысы» вокал, «Кәусар» және «Ай-Қаракөз» ұлттық би, «Дежавью» актерлік шеберлік, «Аккорд әлемі» гитара және «Starline» заманауи би үйірмелері бар.

Бұл үйірмелер жас дарындардың сахна мәдениетін қалыптастырып, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Спорт саласында да ауқымды жұмыстар жүзеге асуда. Қазіргі уақытта баскетбол, волейбол, футбол, үстел теннисі, көркем гимнастика, қазақша күрес, шахмат, джиу-джитсу және дзюдо секцияларында үш жүзден астам бала тұрақты түрде жаттығады.

Қосымша білім беру бағытында да заманауи үйірмелерге сұраныс жоғары. Робототехника үйірмесіне екі жүзге жуық бала қатысып жүр. Сонымен қатар компьютерлік графика, мобилография, қыш құмыра жасау, бейнелеу өнері және тігін ісі бойынша жүз елуге жуық бала өз қабілетін жетілдіруде.

Биылғы жылдың он айында мәдени-спорт кешенінде екі жүз елуге жуық іс-шара ұйымдастырылып, оған қырық мыңнан астам көрермен қатысқан. Бұл – қаланың мәдени өміріндегі серпінді өзгерістердің айғағы.

Қосшы өнерпаздары халықаралық, республикалық, облыстық және аймақтық деңгейдегі байқауларда жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Жыл басынан бері олар бірнеше халықаралық және республикалық, сондай-ақ 11 облыстық және 3 аймақтық байқаудың Бас жүлдесін жеңіп алған.

Қосшы қаласындағы Қоғамдық мәдени-спорт кешенінің жұмысы – жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, шығармашылық пен спортқа бейімделуіне, ел руханиятына өз үлесін қосуына бағытталған игі бастама болып отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған