Жағымды жаңалықтарЦелиноград ауданындағы Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды

Целиноград ауданындағы Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды

-

- Advertisment -spot_img

Целиноград ауданының Қызылсуат ауылында көптен күткен маңызды оқиға болды – елді мекен табиғи газға қосылды. Ауыл тұрғындарын Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов құттықтады.

«Бұл – Мемлекет басшысы айқындаған елді мекендерді газдандыру бағдарламасын ауданда іске асырудың кезекті нәтижесі. Бүгін Қызылсуат тұрғындары үшін айтулы күн. Табиғи газдың келуі – бұл тек қолайлылық пен жайлылық қана емес, ауылдың дамуының жаңа кезеңі. Қазіргі таңда аудандағы 9 елді мекен көгілдір отынмен қамтылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады», – деді Елдос Рамазанов.

Бірінші кезекте Қызылсуат ауылында 32 шақырым газ құбыры тартылып, бір блокты және төрт шкафтық газ реттеу пункті орнатылды. Барлығы 65,5 шақырым газ желісін салу көзделген. Нәтижесінде 600 абонентті газбен қамту мүмкіндігі пайда болады. Екінші кезектің құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

«Біз үшін бұл – шын мәнінде маңызды оқиға. Газ күнделікті тұрмысымызды едәуір жеңілдетіп, жағдайымызды жақсартады. Енді отын дайындауды үнемі ойлап жүрудің қажеті жоқ. Ауылымызда жайлы өмір сүруге жағдай жасалып жатқанына өте қуаныштымыз. Тұрмысымыз біртіндеп түзеліп, ауылымыздың дамып келе жатқанын сезінеміз. Әр отбасы үшін бұл – жақсы жаққа жасалған үлкен өзгеріс», – деді ауыл тұрғыны Гүлнар Сұлтанбекова.

Халыққа түсетін қаржылық жүктемені азайту мақсатында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға тұтынылған газ көлеміне 20%-ға дейін жеңілдік беріледі. Ал табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға үйді газға қосу үшін 70 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек қарастырылған.

Айта кетейік, Қызылсуатты газдандыру жұмыстары «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының бірінші кезеңі аясында жүргізілуде. Оның шеңберінде 39 елді мекенді көгілдір отынмен қамтамасыз ету жоспарланған. Жыл басынан бері Қосшы қаласы, сондай-ақ Қараөткел және Қаражар ауылдары газ желісіне қосылды. Табиғи газға қол жеткізген тұрғындар саны 99,4 мың адамды құрады.

Сонымен қатар Целиноград ауданының Ақмол, Қабанбай батыр, Өтеміс, Қызылжар, Нұресіл және Қажымұқан ауылдарын газбен қамтамасыз ету бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Бұл жобаларды іске асыру нәтижесінде тағы шамамен 30 мың адамды қамту жоспарланып отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда Қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимаратының құрылысы басталды

Көкшетау қаласында 300 орындық көрермен залы бар Қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимаратының құрылысы басталды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге...

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында 120 орындық жаңа мектеп ашылды

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында №15 негізгі орта мектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Екі қабатты мектеп 120 оқушыға арналған. Мұнда...

Зеренді ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Халық заңгері» акциясы өтті

Зеренді ауданында аудан әкімінің халықпен қорытынды кездесуінің аясында «Халық заңгері» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын...

Қаладан ауылға дейін: «Әділет» партиясының үміткерлері халықпен жүздесуде

Ақмола облысында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қарқын алды. «Әділет» партиясының өкілдері еңбек ұжымдарымен, қала және...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Негізгі назар...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...

Оқу керек

Көкшетауда Қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимаратының құрылысы басталды

Көкшетау қаласында 300 орындық көрермен залы бар Қазақ музыкалық-драма...

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында 120 орындық жаңа мектеп ашылды

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында №15 негізгі орта мектептің жаңа...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған