ҚоғамБіржан сал ауданының даму перспективалары тұрғындармен кездесуде талқыланды

Біржан сал ауданының даму перспективалары тұрғындармен кездесуде талқыланды

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Біржан сал ауданының тұрғындарымен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері мен алдағы даму басымдықтарын талқылады.

Өңір басшысы кездесудің саяси реформалар жағдайында және жаңа Конституцияның күшіне енуі кезеңінде өтіп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл құжат ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін нығайтады, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіреді және Қазақстанның орнықты дамуына берік негіз қалайды. Саяси жаңғырудың маңызды кезеңдерінің бірі – бір палаталы Парламент – Құрылтай сайлауы болмақ.

Облыс әкімі ауданның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мәселесіне ерекше тоқталды.

«2025 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 15 пайызға өсіп, шамамен 50 млрд теңгеге жетті. Аудан дәнді және майлы дақылдар өндіру бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр. Сонымен қатар «Кең дала 2» бағдарламасын қоса алғанда, мемлекеттік қолдау шаралары белсенді пайдаланылуда. Биыл жеңілдетілген несиелеу мен субсидиялау көлемі едәуір ұлғайтылды, ауыл шаруашылығы техникасы паркі жаңартылып, майлы дақылдардың егіс алқабы кеңейтілуде», – деді Марат Ахметжанов.

Өңір басшысы жайылымдық жерлердің мол қоры ауданның мал шаруашылығын дамытуға зор мүмкіндік беретінін атап өтіп, бұл бағыттағы жұмысты жандандыру қажеттігіне тоқталды. Осыған байланысты аудан әкіміне «Игілік» және «Береке» жеңілдетілген несиелеу бағдарламаларына қатысушыларды жеке сүйемелдеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ бос жайылымдық жерлерді шаруашылық айналымына тарту және инвестицияларды көбейту жөніндегі жұмысты күшейту тапсырылды.

«Аstyk Hub» компаниясы Ақтас ауылындағы тоғыз жылдан астам уақыт бойы пайдаланылмаған элеваторды сатып алды. Қазіргі таңда кәсіпорында толық жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, оны биылғы тамыз айының соңында аяқтау жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде нысанда 40-тан астам адам жұмыс істейді, ал пайдалануға берілгеннен кейін 70-тен астам тұрақты жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар сағатына 120 тонна жемдік ұн өндіретін зауыт салу жоспарлануда», – деді облыс әкімі.

Ауданда сондай-ақ алтын өндіру фабрикасын, қалдықтарды қайта өңдеу кешенін салу және тау-кен өндірісі саласын дамыту жобалары жүзеге асырылуда. Бұл жаңа инвестициялар тартуға және қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Біржан сал ауданының туристік әлеуеті де жоғары. Мемлекеттік бағдарламалардың қолдауымен жүзеге асқан «Лес и Звезды» демалыс базасы табысты жобалардың бірі ретінде аталды. Осыған байланысты аудан басшылығына кәсіпкерлер арасында мемлекеттік қолдау тетіктері, оның ішінде жаңа «Іскер аймақ» бағдарламасы бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Өткен жылғы кездесуде тұрғындар көтерген мәселелер де назардан тыс қалған жоқ. Халықтың өтініші негізінде Үлгі – Жаңалық аудандық маңызы бар жолына және Макинск – Ақсу – Торғай республикалық маңызы бар автомобиль жолына жалпы ұзындығы 50 шақырым болатын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар аудандық маңызы бар автожолдардың төрт учаскесінде жалпы ұзындығы 80 шақырымға жуық жолға қиыршық тас төсеу жұмыстары атқарылып жатыр.

Кездесу барысында алдағы жылыту маусымына дайындық мәселелері де қаралды. Степняк қаласының қазандықтарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін резервтік дизельді генераторлар сатып алынып, көмір сатып алуды субсидиялауға және жылу желілерін жөндеуге қаржы бөлінді.

Марат Ахметжанов тұрғын үй құрылысы мәселесіне де ерекше назар аударды. Ол Степняк қаласындағы 21 пәтерлі тұрғын үй құрылысының баяу қарқынын сынға алып, нысанның құрылысын, инженерлік желілерді тарту және аумақты абаттандыру жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды.

Аудан орталығы тұрғындары үшін қуанышты оқиғалардың бірі – әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға жаңа пәтер кілттерінің табысталуы болды. Қалпына келтірілген үш қабатты тұрғын үйден жеті отбасы баспаналы болды.

Кездесу соңында Марат Ахметжанов тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, өзекті мәселелер бойынша түсініктемелер берді. Сондай-ақ азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Негізгі назар...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...

Ақмола облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі басымдықтар Халық Кеңесінің төрағасымен талқыланды

Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында қоғам өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен, ғылыми қауымдастық және этномәдени...

Ақмола облысында Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңір активімен кездесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері»...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Republic Day және Bereke Fest: қазақстандықтар жеңілдікпен тауарларды қайдан сатып ала алады?

Қазақстанның барлық 20 өңірінде Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасуда. Мерекелік науқанға еліміз...

Республика күні – елдік пен жауапкершілік мерекесі

Құрметті отандастар! Баршаңызды еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация...

Оқу керек

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған