Жағымды жаңалықтарБұланды ауданында теміржол вокзалының қайта жаңғырту жұмыстары тексерілді

Бұланды ауданында теміржол вокзалының қайта жаңғырту жұмыстары тексерілді

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев жұмыс сапары аясында Бұланды ауданына барды. Сапар барысында олар Макинск қаласындағы теміржол вокзалы ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Жоба көлік инфрақұрылымын жаңғырту және жолаушыларға қызмет көрсету нысандарын заманауи талаптарға сәйкестендіру бойынша кешенді бағдарлама аясында жүзеге асырылуда.

Нысанда негізгі жұмыстардың басым бөлігі аяқталған. Шатыр жабу жұмыстары жүргізіліп, ғимараттың қасбеті әрленді, пластикалық терезелер орнатылды. Су құбыры мен кәріз жүйелері тартылып, жылыту жүйесі орнатылған, сондай-ақ кондиционер жүйесі қойылған.

Қазіргі уақытта бейнебақылау жүйесін реттеу, электрмонтаж жұмыстары, жиһаздарды құрастыру және орнату жұмыстары аяқталу сатысында. Мамыр айының соңына дейін перронды абаттандыру жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.

«Жаңартылған Макинск қаласының вокзалы жайлылық пен қауіпсіздіктің заманауи талаптарына сай болып, жолаушыларға сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Тәуліктік жолаушылар ағыны шамамен 250 адамды құрайды. Өңірдегі вокзалдарды жаңғырту жұмыстарына екі мердігер ұйым тартылған», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Айта кетейік, өңірде 16 вокзал қайта жаңғыртудан өтуде, оның ішінде 7 нысанда жұмыстардың 90 пайыздан астамы орындалған.

Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, тәуелсіздік жылдарында алғаш рет вокзалдарды ауқымды жаңғырту жүргізілуде. Олардың көпшілігі пайдалануға берілген сәттен бері күрделі жөндеуден өтпеген. Жалпы республика бойынша 124 ғимарат толық жаңартылатын болады.

Сондай-ақ жұмыс сапары барысында жол бойындағы санитарлық аймақтар қаралды.
Сапар қорытындысында өңір басшысы аудан орталығының су тасқынына дайындығын тексерді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған