Қоғам«Бәйтерек» саябағы: мәдениет орны ма, мал қора ма?

«Бәйтерек» саябағы: мәдениет орны ма, мал қора ма?

-

- Advertisment -spot_img

Қаланың қақ ортасында орналасқан «Бәйтерек» – атауы асқақ, халыққа қызмет етуге тиіс мәдени орын. Бірақ бүгінгі күйін көрген адам «бұл саябақ серуендейтін жер ме, әлде мал қора ма?» деп таңырқамай қоймайды.

Әр күн сайын осында жылқысын жаятын тұрғынның қылығы саябақты өз «жеке қорасына» айналдырып алғандай. Адамдарға арналған тас жолмен жылқы жайылып, артында үйілген тезегін қалдырады. Серуендеуге арналған саябақ тұрғындардың, қала басшылығының және жауапты мекемелердің жауапсыздығынан әп-сәтте жағымсыз иіс жайлаған бейберекет орынға айналып отыр.

Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Мәселе мұнымен шектелмейді. Биыл жазда дәл осы саябақта дабырамен «Таза Қазақстан» атты акция өткен еді. Сол күні облыс әкімі өзі келіп, елдің көзінше ағаш отырғызған. Әкімнің күрек ұстаған суреті жергілікті ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды. Бірақ арада көп өтпей, сол «тазалықтың нышанына» айналуға тиіс саябақ қоқыс пен мал тезегіне толып, былыққан күйге түсті. Сонда бұл науқан халық үшін жасалған шынайы іс болды ма, әлде тағы да көзбояушылықтың бір көрінісі ме?

Мәселе бұған дейін де бірнеше рет көтерілген. Жергілікті билік «бақылауға алынды» деп қысқа қайырған. Бірақ шын мәнінде, бақылау емес, бейқамдық үстем. Өйткені әлгі жылқының иесі әлі күнге дейін саябақта малын жайып жүр. Сонда тәртіп орнатуға дәрмен жоқ па? Әлде тұрғындардың даусы билікке жетпей ме?

Халықтың қалауы күрделі емес: саябақ ішінде жануарларды серуендетуге тыйым салатын белгілер қойылса, тәртіп бұзушыларға айыппұл салынса, ал бастысы – қаланың басты саябағы тазалық пен мәдениеттің шын мәніндегі орталығына айналса жеткілікті. Бірақ осы қарапайым талаптың өзі орындалмай отыр.

Саябақта итпен серуендеуге болмайды деген белгі тұр. Алайда, оны елеп жатқан адам жоқ. Өйткені, саябақта әкімдік тарапынан бақылау жоқ. Бұл немқұрайлық қала мәдениетінің деңгейін де, биліктің жауапкершілігін де көрсетіп тұрған жоқ па?

Қалалық саябақ – халық серуендейтін, ұрпақ тынығатын орын. Оны мал қораға айналдыру – тұрғындарға жасалған қиянат қана емес, елдің абыройына көлеңке түсіру. Бұл туралы жергілікті пабликтер де жариялап, жұрт наразылығын білдіріп отыр.

Еске сала кетсек, біз бұған дейін де «Президент сапарынан кейін тұрғындар қайтадан маскүнемдерге шағымдануда» деген тақырыппен мақала жариялағанбыз. Бірақ содан бері түбегейлі өзгеріс болмады. Баяғы жартас – сол жартас. Халықтың жанайқайы естілгенімен, нақты нәтиже шықпай, мәселе әлі күнге шешімін таппай отыр. Өкінішті, әрине…

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған