Жағымды жаңалықтарАқмолалықтар жаппай «Қара жорға» билеп, рекордтар кітабына енді

Ақмолалықтар жаппай «Қара жорға» билеп, рекордтар кітабына енді

-

- Advertisment -spot_img

Биыл Көкшетау өңірдің мәдени орталығы ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеп, Наурыз мерекесін жарқын әрі мазмұнды іс-шаралар легіне айналдырды. Бір мезетте «Қара жорға» биін жаппай орындау және «бес асық» ұлттық ойынын қатар ойнау бойынша екі бірдей жетістік Қазақстан рекордтар кітабына енді. Сонымен қатар, қалада 50 тақырыптық киіз үйден тұратын бірегей жоба жүзеге асырылды.

Ең әсерлі сәттердің бірі – «Қара жорға» биінің жаппай орындалуы болды. Бір алаңда 2 мыңнан астам ер азамат – ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері, еңбек ұжымдары, әскери қызметшілер, спортшылар мен жастар бір ырғақта би биледі. Ұлттық шапан киген қатысушылардың үйлесімді қимылы ұрпақтар сабақтастығының символына айналып, қоғамдық бірліктің жарқын көрінісін көрсетті.

Сонымен қатар өңір тағы бір рекорд орнатты: 1500 мектеп оқушысы бір уақытта «бес асық» ойынын ойнады. Бұл ауқымды шара жас ұрпақтың ұлттық дәстүрлер мен мәдени мұраға деген қызығушылығының артып келе жатқанын айқын көрсетті. Екі жетістік те ресми түрде Қазақстан рекордтар кітабына тіркеліп, ұйымдастыру деңгейінің жоғары екенін және тұрғындардың белсенді қатысуын дәлелдеді.

Мерекелік шаралар 50 киіз үйден құралған этноауылмен жалғасын тапты. Әрбір киіз үй жеке мәдени кеңістікке айналып, қонақтарға халық қолөнері, салт-дәстүрлер, ұлттық тағамдар мен әдет-ғұрыптарды таныстырды. Сонымен қатар интерактивті шеберлік сабақтары мен ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Ерекше назар Көкшетаудың тарихи жолы мен бүгінгі дамуын көрсететін тақырыптық көрмелерге аударылды.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов наурыз мейрамының біздің халқымыз үшін маңызын айтып, құттықтау лебізін білдірді.

«Қасиетті Ақмола жері – қашанда елдіктің туы тігілген, бірліктің бесігі болған, асыл өнерді бағалаған дарынды тұлғалар мекені. Бүгін алты жасар баладан алпыс жастағы кəріге дейін ер азаматтарымыз «Қара жорға» биінің керемет үлгісін, халқымыздың рухани байлығын, рухын паш етіп отыр.«Қара жорға» биі – ұлттық бірегейлігіміздің айғағы. Бұл би – тек қимыл-қозғалыс емес.Ол – аттың жүрісін, даланың еркіндігін және халықтың көңіл-күйін суреттейтін өнер туындысы. Ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан халқымыздың киелі өнерін құрметтеп, жаңғырту, оны кейінгі жас ұрпақтың санасына сіңіру – біздің міндетіміз» , деді ол.»

Осылайша, Көкшетауда өткен Наурыз мерекесі ұлттық дәстүрлер мен ортақ құндылықтар аясында өңір тұрғындарын біріктірген, ұрпақтар сабақтастығын дәріптеген маңызды оқиғаға айналды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған