ЭкономикаАқмола облысының әкімі мен «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы Біржан сал ауданында...

Ақмола облысының әкімі мен «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы Біржан сал ауданында 1,2 млрд теңгеге жобаларды іске асыру туралы меморандумға қол қойды

-

- Advertisment -spot_img

Біржан сал ауданының Степняк қаласында әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға шамамен 1,2 млрд теңге бағытталады. Тиісті ынтымақтастық туралы меморандумға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов қол қойды.

Қаражат қаланың инфрақұрылымын жаңартуға бағытталады. Степняк қаласында шамамен 2 шақырым көше-жол желісін жөндеу, 27 көппәтерлі тұрғын үйдің аумағы мен қалалық саябақты абаттандыру жоспарлануда. Сонымен қатар екі көпфункционалды балалар алаңы орнатылып, мемориалдық кешен мен аудандық Мәдениет үйінің қасбеті жөнделеді.

«Семізбай-U» ЖШС — Біржан сал ауданындағы негізгі кәсіпорындардың бірі. Мұнда 400-ге жуық маман еңбек етеді, олардың басым бөлігі — жергілікті тұрғындар. Сондықтан бизнестің аумақты дамытуға қатысуы — халыққа қолайлы жағдай жасауға қосылған нақты үлес. Бүгінде біз тұрғындардың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін жобалар туралы айтып отырмыз. Бұл — жолдарды жөндеу, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, әлеуметтік нысандарды жаңарту. Степняк үшін бұл ауқымды жұмыс. Біз осындай әріптестікті одан әрі дамытып, тұрғындар үшін маңызды жаңа жобаларды іске асыруды жоспарлап отырмыз», — деді Марат Ахметжанов.

«Семізбай-U» ЖШС — уран өндіру саласындағы ірі кәсіпорындардың бірі әрі өңірдегі маңызды салық төлеушілердің қатарында. Компания заманауи технологияларды қолдана отырып, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау талаптарына ерекше мән береді. Сонымен қатар кәсіпорын Біржан сал ауданындағы әлеуметтік бастамаларға қатысып, халыққа және әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсетіп келеді.

Ақмола облысында ірі бизнес өкілдерімен мұндай өзара іс-қимыл халық үшін маңызды жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Көкшетау қаласында «Алтынтау Көкшетау» компаниясы 2025 жылы 500 орындық мектеп құрылысын аяқтады.

Степногорск қаласында «АК «Алтыналмас» АҚ 1000 орындық мектеп пен заманауи көпфункционалды спорт кешенінің құрылысын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ Ақсу, Бестөбе және Жолымбет кенттерін әлеуметтік-экономикалық қолдауға 2026–2027 жылдарға қаржы қарастырылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Негізгі назар...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...

Ақмола облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі басымдықтар Халық Кеңесінің төрағасымен талқыланды

Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында қоғам өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен, ғылыми қауымдастық және этномәдени...

Ақмола облысында Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңір активімен кездесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері»...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Republic Day және Bereke Fest: қазақстандықтар жеңілдікпен тауарларды қайдан сатып ала алады?

Қазақстанның барлық 20 өңірінде Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасуда. Мерекелік науқанға еліміз...

Республика күні – елдік пен жауапкершілік мерекесі

Құрметті отандастар! Баршаңызды еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация...

Оқу керек

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған