Жағымды жаңалықтарАқмола облысындағы денсаулық сақтау нысанында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті

Ақмола облысындағы денсаулық сақтау нысанында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті Коныратбек Курманбаев атындағы Ақмола облыстық фтизиопульмонология орталығының аумағында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді.

Оқу-жаттығудың мақсаты – нысанның ерекшелігі мен құрылыстық сипаттарын ескере отырып, жеке құрамның іс-қимылдарын пысықтау.

Сценарий бойынша, орталықтың шатыр бөлмесінде электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан шартты өрт шықты. Оқу-жаттығуға жұмылдырылған күштер өрт туралы хабарлау, эвакуация ұйымдастыру және шартты өртті сөндіруге дейінгі барлық әрекеттерді орындады. Сонымен қатар, қауіпті аймақта қалып қойған өрт сөндіру қызметкерін құтқару шаралары да пысықталды.

Оқу-жаттығудың тағы бір мақсаты – мекеме қызметкерлерін осындай төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйрету болды. Атап айтқанда, науқастар мен персоналды эвакуациялау, өрт сөндіру қызметімен бірлескен іс-қимылдар пысықталды.

Сонымен қатар, бөлімшелердің басқаруындағы басшылық құрамның іс-әрекеттерін тексеру жүргізілді.

Оқу-жаттығуға Ақмола облысы ТЖД-ның төрт өрт сөндіру бөлімінен келген 38 қызметкер мен 9 техника бірлігі қатысты. Сондай-ақ, коммуналдық қызметтер, медицина және құқық қорғау органдары өкілдері де жұмылдырылды.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған