ҚоғамАқмола облысында су тасқынының шарықтау кезеңі қарсаңында алдын алу...

Ақмола облысында су тасқынының шарықтау кезеңі қарсаңында алдын алу шаралары күшейтілді

-

- Advertisment -spot_img

Қанат Бозымбаев Ақмола облысына екі күндік жұмыс сапарымен келіп, өңір басшысы Марат Ахметжановпен бірге Астрахан, Шортанды, Аршалы, Целиноград және Атбасар аудандарындағы тасқынға қарсы іс-шаралардың орындалуын тексерді.

Сапардың алғашқы күні Премьер-министрдің орынбасары Аршалы ауданының Жібек жолы ауылындағы ұзындығы 6,3 шақырымды құрайтын жаңа қорғаныс дамбасын қарап шықты. Бұл нысан көп жылдан бері өзекті болып келген су тасқыны мәселесін шешуге мүмкіндік беріп, жалпы саны 15 мың адам тұратын жақын маңдағы елді мекендерді қорғауды қамтамасыз етеді.

Шортанды ауданында «Дамсинская» бөгетіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мұнда шлюз-қақпаларға реконструкция жүргізіліп, Дамса өзені арқылы өтетін 5 млн текше метрге дейін су көлемін реттеуге мүмкіндік жасалды. Бұл Дамса, Шортанды, Степное және Научный ауылдарын су басу қаупінен қорғауға бағытталған.

Екінші күні Қанат Бозымбаев Атбасар қаласындағы Жабай өзенінің арнасын тазарту және қорғаныс үйіндісін тұрғызу жұмыстарымен танысты. Бүгінгі таңда өзеннің 7,2 шақырым учаскесі тазартылды. Қазіргі уақытта арнаны тереңдету, кеңейту және түзеу жұмыстары жалғасуда, сондай-ақ қала маңында қорғаныс дамбасы салынуда.

Сонымен қатар «Атбасар – Сочинское» автожолы бойында жыл сайын су басу қаупі төнетін аумақта жаңа автомобиль көпірінің құрылысы аяқталды. Бұл Атбасар ауданындағы төрт елді мекеннің 2 мың тұрғыны үшін тасқын кезеңінде көлік қатынасының үзілу мәселесін шешуге мүмкіндік берді.

Бұдан кейін Премьер-министрдің орынбасары Астрахан ауданындағы Ескі Қалқұтан ауылы маңындағы Қалқұтан өзенінің арнасын түзеу, тазарту және тереңдету жұмыстарымен танысты. Биыл ұзындығы 20,8 шақырымды құрайтын Қалқұтан өзенінің жағалауын бекіту және арнасын тереңдету жобасы басталды. Қалқұтан, Ескі Қалқұтан және Еңбек ауылдарын су басу қаупін азайту мақсатында 17 млн текше метрге дейін еріген суды ұстай алатын «Қызыл Жұлдыз» бөгетіне күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Целиноград ауданында Қанат Бозымбаев Ақмол – Нұресіл – Талапкер облыстық жолының апатты учаскесінде автомобиль көпірін салу мәселесін талқылады. Бұл Есіл өзенінің арнасын түзеу жобасын толық аяқтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Премьер-министрдің орынбасары Целиноград ауданында атқарылған тасқынға қарсы іс-шаралар туралы есепті тыңдады.

Жалпы Ақмола облысында тасқынға қарсы шаралар 163 елді мекен мен 32 жол учаскесін қамтыды. 70 елді мекенде су басу қаупі жойылды. Қалған елді мекендерде қауіп барынша азайтылды. Соңғы екі жылда су басу қаупі бар аумақтардан 718 отбасы көшірілді.

Азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдары жоғары дайындық режиміне көшірілді. Бұл – 2,5 мың адам, 1 мыңнан астам техника, 400-ге жуық мотопомпа және 37 жүзу құралы. Қажетті инертті материалдар, қаптар мен жанар-жағармай қоры дайындалды.

15 наурыздан бастап тасқынға қарсы штабтар тәулік бойы жұмыс істейді. Қауіпті учаскелерде тұрақты мониторинг жүргізу мақсатында 19 дрон қолданылуда.

«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес, Ақмола облысында тасқынның шарықтау кезеңі 30 наурыздан кейін болады деп күтіліп отыр. «Tasqyn» ақпараттық жүйесіндегі модельдеу нәтижелері бойынша қауіп аймағында Астрахан, Атбасар және Бұланды аудандарындағы елді мекендер бар.

«Біздің міндетіміз – тасқынның шарықтау кезеңін толық дайындықпен қарсы алу. Барлық алдын алу шаралары барынша қысқа мерзімде аяқталуы тиіс. Алдын ала әрекет етіп, қауіп аймағындағы елді мекендердің толық дайын болуын қамтамасыз ету қажет», – деп атап өтті Қанат Бозымбаев.

Вице-премьер қарды тәулік бойы шығаруды қамтамасыз етуді, өзен арналары мен су өткізу құрылыстарын тазарту жұмыстарын жеделдетуді, уақытша орналастыру пункттерін тексеруді, қажетті техника мен материалдардың резервін дайындауды, сондай-ақ халықты уақтылы ақпараттандыруды тапсырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Негізгі назар...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...

Ақмола облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі басымдықтар Халық Кеңесінің төрағасымен талқыланды

Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында қоғам өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен, ғылыми қауымдастық және этномәдени...

Ақмола облысында Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңір активімен кездесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері»...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Republic Day және Bereke Fest: қазақстандықтар жеңілдікпен тауарларды қайдан сатып ала алады?

Қазақстанның барлық 20 өңірінде Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасуда. Мерекелік науқанға еліміз...

Республика күні – елдік пен жауапкершілік мерекесі

Құрметті отандастар! Баршаңызды еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация...

Оқу керек

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған