Жағымды жаңалықтарАқмола облысында реконструкциядан кейін тағы 5 теміржол вокзалы пайдалануға...

Ақмола облысында реконструкциядан кейін тағы 5 теміржол вокзалы пайдалануға берілді

-

- Advertisment -spot_img

Теміржол көлігі қызметкерлері күні қарсаңында Ақмола облысында айтулы оқиға орын алды – ауқымды реконструкциядан кейін бірден бес теміржол вокзалы пайдалануға берілді. Жаңартылған нысандар Ерейментау, Еркіншілік, Өлеңті, Державинск және Жалтыр станцияларында ашылды.

Вокзалдарды жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан теміржол инфрақұрылымын жаңарту жөніндегі ауқымды мемлекеттік бағдарлама аясында жүргізілуде. 2025 жылы Қазақстанда 124 теміржол вокзалын кешенді реконструкциялау жұмыстары басталды.

Бұл ретте Ақмола облысы бағдарламаға енген вокзалдар саны бойынша республикада көш бастап тұр. Өңірде 16 теміржол вокзалы жаңғыртылуда. Бұл – еліміздегі ең жоғары көрсеткіш. Бір мезетте Ерейментау ауданында үш, сондай-ақ Астрахан және Жарқайың аудандарында бір-бірден жаңа вокзалдың ашылуы – өңір тұрғындары үшін маңызды оқиға.

Жаңартылған вокзалдардың ашылуымен тұрғындарды Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов, Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдері құттықтады.

«Мемлекет басшысы заманауи көлік инфрақұрылымын дамыту экономикалық өсудің және азаматтардың өмір сүру сапасын арттырудың негізгі шарттарының бірі екенін бірнеше мәрте атап өтті. Бүгінде елімізде жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға, көлік инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ жайлы, қауіпсіз әрі қолжетімді орта қалыптастыруға бағытталған ауқымды жаңғырту жұмыстары жүзеге асырылуда», – деді Елдос Рамазанов.

Қайта жаңарту барысында вокзалдар заманауи талаптарға толық сәйкестендірілді. Үлеңті, Еркіншілік және Ерейментау станцияларындағы ескі ғимараттар толықтай сүріліп, олардың орнына жаңа заманауи вокзал кешендері салынды. Барлық нысандарда мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін кедергісіз орта қалыптастырылып, іргелес аумақтар абаттандырылды, инженерлік желілер мен жолаушыларға қызмет көрсету инфрақұрылымы жаңартылды.

Жәнібек Тайжановтың айтуынша, республика бойынша 124 теміржол вокзалын реконструкциялау жобасы жүзеге асырылуда. Оның 16-сы Ақмола облысында орналасқан. Атап айтқанда, Ерейментау станциясы арқылы тәулігіне тоғыз жұп жолаушылар пойызы қатынайды, ал орташа тәуліктік жолаушылар ағыны шамамен 100 адамды құрайды.

Бүгінгі таңда өңірде 12 жаңғыртылған вокзал пайдалануға берілді. Тамыз айының соңына дейін тағы үш вокзалды пайдалануға беру жоспарланса, Көкшетау қаласындағы теміржол вокзалын реконструкциялау жұмыстары биылғы қазан айында аяқталады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Негізгі назар...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...

Ақмола облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі басымдықтар Халық Кеңесінің төрағасымен талқыланды

Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында қоғам өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен, ғылыми қауымдастық және этномәдени...

Ақмола облысында Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңір активімен кездесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері»...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Republic Day және Bereke Fest: қазақстандықтар жеңілдікпен тауарларды қайдан сатып ала алады?

Қазақстанның барлық 20 өңірінде Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасуда. Мерекелік науқанға еліміз...

Республика күні – елдік пен жауапкершілік мерекесі

Құрметті отандастар! Баршаңызды еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация...

Оқу керек

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған