ЭкономикаАқмола облысында егіс алқаптарының 70%-ына дән себілді

Ақмола облысында егіс алқаптарының 70%-ына дән себілді

-

- Advertisment -spot_img

Елдің басты аграрлық өңірінде көктемгі егіс жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда жаздық егіс 3,8 млн гектар алқапта жүргізілді, бұл жалпы көлемнің 70%-ын құрайды. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровпен бірге Зеренді ауданындағы агроөнеркәсіптік кешен нысандарына жұмыс сапары аясында «NamysGroup» ЖШС-іне барды.

Облыс және министрлік басшылығына егін шаруашылығы мен ет бағытындағы мал шаруашылығына маманданған кәсіпорынның негізгі қызмет бағыттары таныстырылды. Бүгінде «NamysGroup» 14,5 мың гектар алқапта дәнді, бұршақ және майлы дақылдарды өсірумен айналысып, сондай-ақ ет бағытындағы мал шаруашылығын дамытып отыр. Кәсіпорын заманауи ауыл шаруашылығы техникасымен жабдықталған және 42 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Марат Ахметжанов ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, мұндай кәсіпорындардың дамуы өңір экономикасын нығайтуға және азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға ықпал ететінін айтты.

Ауыл шаруашылығы министрі аграрлық секторды одан әрі жаңғырту, заманауи технологияларды енгізу және ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру қажеттілігіне назар аударды.

Сапар барысында сондай-ақ Станционный кентінде «Unicorn Feed Limited» жеке компаниясының құрама жем зауытының құрылыс алаңы да араланды.

Айта кетейік, Ақмола облысында 2 мыңнан астам шаруашылық егіс жұмыстарын толық аяқтап үлгерген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Негізгі назар...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...

Ақмола облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі басымдықтар Халық Кеңесінің төрағасымен талқыланды

Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында қоғам өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен, ғылыми қауымдастық және этномәдени...

Ақмола облысында Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңір активімен кездесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері»...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Republic Day және Bereke Fest: қазақстандықтар жеңілдікпен тауарларды қайдан сатып ала алады?

Қазақстанның барлық 20 өңірінде Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасуда. Мерекелік науқанға еліміз...

Республика күні – елдік пен жауапкершілік мерекесі

Құрметті отандастар! Баршаңызды еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация...

Оқу керек

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған