Жағымды жаңалықтарАқмола облысында 47 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды

Ақмола облысында 47 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды

-

- Advertisment -spot_img

Бүгін Ақмола облысының Аршалы кентінде 47 отбасы көптен күткен баспанасының кілтін алды. Бұл қуанышты сәт жылдар бойы кезегін күткен тұрғындарды бір арнаға тоғыстырды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жаңа 100 пәтерлі тұрғын үй өткен жылы реновация бағдарламасы аясында салынған. Алғашқы қоныстанушыларға пәтер кілттері биыл наурыз айында табысталған болатын. Ол кезде 34 отбасы баспаналы болды.

Арада бірнеше ай өткен соң тағы 47 отбасы жаңа үйге қоныстану мүмкіндігіне ие болды. Олардың қатарында «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапатталған екі көпбалалы ана, 11 көпбалалы отбасы, I және II топтағы мүгедектігі бар үш азамат, жеті жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар.

Сонымен қатар жаңа пәтерлер мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған сегіз отбасыға және 16 толық емес отбасына берілді.

Қоныс той иелерін құттықтаған Аршалы ауданының әкімі Достанбек Есжанов жаңа баспананың әр отбасы үшін маңызы зор екенін атап өтті.

«Бұл кішкентай ғана кілттің артында әр отбасының өміріндегі үлкен оқиға тұр. Бұл – жаңа үйдің есігін ашып, өмірдің жаңа парағын бастап, жайлы әрі қолайлы жерде болашақ құруға мүмкіндік. Жаңа үйлеріңіз әрдайым жылы әрі жайлы болсын. Бұл шаңырақтарда баланың күлкісі сыңғырлап, туған-туыс пен достар бас қосып жүрсін. Барша қоныс иелеріне отбасылық амандық, бейбітшілік және ертеңгі күнге деген сенім тілеймін», – деді Достанбек Есжанов.

Жаңа пәтерлердің кілтін алу – баспанасын жылдар бойы күткен ондаған отбасы үшін көптен күткен қуанышты оқиға болды. Осылайша олар баспана кезегіндегі ұзақ күту кезеңін артқа тастап, жаңа өмірге қадам басты.

«Пәтерімізді өте ұзақ күттік. Арендалық тұрғын үй кезегінде 8 жыл тұрдық. Міне, бүгін көптен күткен күнге жетіп, өз пәтерімізге қол жеткіздік. Бүкіл отбасымызбен өте қуаныштымыз!» – деді қуанышын бөліскен Юлия Макухина.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған