Жағымды жаңалықтарКөкшетауда жаңа спорт нысандары жұмысын бастады

Көкшетауда жаңа спорт нысандары жұмысын бастады

-

- Advertisment -spot_img

Көкшетау қаласына жұмыс сапары барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жаңа спорт нысандарының жұмысымен танысты.

Красный Яр ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде бокс пен жекпе-жек залдары, екі бассейн жұмыс істейді. Кешен аумағында командалық ойындарға арналған екі алаң, воркаут аймағы және жүгіру жолы жабдықталған. Қазіргі таңда кешенде жүзу, бокс, еркін және грек-рим күресі бойынша спорт секциялары жұмыс істеп тұр.

«Kokshe arena» спорт кешенінде спорт секцияларының жұмысы басталды. Мұнда Ақмола облысының жастар және ересектер құрамалары жаттығатын болады, сондай-ақ бокс, ауыр атлетика және еркін күрес секцияларына балаларды қабылдау ашылды.

«Кешен базасында жас спортшылардың шеберлігін шыңдауға барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар «Kokshe arena» кешенінде «Оқжетпес» футбол орталығының спортшылары мен қала жастар құрамасының волейболшылары жаттығады», – деді Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ардақ Төлендин.

Марат Ахметжанов спортшылар мен жаттықтырушыларға сәттілік тілеп, Ақмола спортының жақсы дәстүрлері мен үлкен әлеуеті бар екенін атап өтті.

«Көкшетауда спортпен шұғылдануға барлық жағдай жасалған. Инфрақұрылым тағы екі ірі нысанмен толықты. Бұл балаларды дене шынықтыру мен спортқа тарту аясын кеңейтуге, облыстық құрамалардың жаттығуына жағдай жасауға мүмкіндік береді. Сіздердің міндеттеріңіз – болашақ чемпиондарды тәрбиелеу. Өңірге жаңа есімдер қажет», – деп атап өтті өңір басшысы жаттықтырушылар құрамына үн қата отырып.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Щучинск қаласында халықаралық деңгейде «Айбын» жастар жиыны өтеді

21-27 маусым аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледждің «Амандық» оқу-жаттығу орталығында XII «Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық...

Ақмола облысындағы индустриялық аймақтарды дамыту перспективалары Aqmola Invest алаңында талқыланды

Aqmola Invest алаңында Ақмола облысының әкімі төрағалық еткен кеңесте республикалық маңызы бар AQMOLA және KOKSHE INDUSTRY индустриялық аймақтарын дамыту,...

Ақмола облысында ет кластерін дамыту жобасы әзірленеді

Ақмола облысы әкімдігінде өңір басшысы Марат Ахметжановтың Ш. Уәлиханов атындағы университет өкілдерімен және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен мал шаруашылығын...

Қаржылық мониторинг агенттігі «CVK» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты

Қазіргі уақытта Агенттіктің аумақтық департаменттері еліміздің 14 өңірінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде. Жоба өзін маркетплейс ретінде таныстырып, қатысушыларға тұрақты...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Он жылдан астам уақыт күткен жарық ауыл көшелеріне келді

Оразақ ауылында тұрғындар көптен күткен қуанышты оқиға орын алды. Ауылдың ескі бөлігіндегі Абай Құнанбайұлы, Талғат Бигелдинов және Рақымжан Қошқарбаев...

Жас ветеринарлар – ауылдың сенімді тірегі және аграрлық саланың болашағы!

Әрбір малдың саулығының, әрбір шаруашылықтың берекесінің және тұрғындарымыздың дастарханына жететін сапалы өнімнің артында ветеринария мамандарының күнделікті қажырлы еңбегі тұр. Бүгінде...

Оқу керек

Щучинск қаласында халықаралық деңгейде «Айбын» жастар жиыны өтеді

21-27 маусым аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында Шоқан Уәлиханов...

Ақмола облысындағы индустриялық аймақтарды дамыту перспективалары Aqmola Invest алаңында талқыланды

Aqmola Invest алаңында Ақмола облысының әкімі төрағалық еткен кеңесте...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған