spot_img
ОқиғаКөкшетауда әлеуметтік желі арқылы жасалған бопсалау әрекеттері әшкереленді

Көкшетауда әлеуметтік желі арқылы жасалған бопсалау әрекеттері әшкереленді

-

- Advertisment -spot_img

Көкшетау қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілер арқылы жасалған бірқатар бопсалау деректерінің жолын кесті. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, екі жергілікті тұрғын кемінде үш эпизод бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінді.

Тергеу барысында күдіктілердің алдын ала ойластырылған схема бойынша әрекет еткені анықталды. Олар әлеуметтік желілерде жалған аккаунттар ашып, қыздардың фотосуреттері мен жеке мәліметтерін пайдаланған. Осы аккаунттар арқылы жас жігіттермен танысып, кейін жеке кездесуге шақырған.

Алайда белгіленген кездесулерде жәбірленушілерді «кездесу» емес, бопсалаушылар күтіп отырған. Күдіктілер өздерін бұрынғы құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, қылмыстық жауапкершілікке тартамыз немесе күш қолданамыз деп қорқыту арқылы ақша талап еткен.

Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде үш жәбірленушіден жалпы сомасы бір миллион теңгеден астам қаражат алынғаны белгілі болды.

Жедел ақпараттың түсуіне байланысты ҰҚҚБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, күдіктілердің қылмыстық әрекеттерін толық құжаттады. Екі адам да жәбірленушілердің бірінен кезекті ақша алу сәтінде қолға түсті.

Қазіргі таңда аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.

Полиция азаматтарды қырағылық танытуға, әлеуметтік желілердегі күмәнді таныстықтарға сақтықпен қарауға және бопсалау мен қорқыту деректері орын алған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов республикалық референдумға қатысты

Марат Ахметжанов жұбайымен бірге Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша референдумда өз дауыстарын облыс орталығындағы «Көкшетау» мәдениет сарайында...

Алғашқы республикалық жарыстар «Kokshe Arena» көпфункционалды спорт кешенінде өтуде

Алғаш рет «Kokshe Arena» спорт кешені республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізу алаңына айналды. Чемпионатқа сегіз волейбол командасы қатысуда, олардың қатарында...

«Бурабай» ұлттық паркінің аумағынан қыс мезгілінде ондаған тонна қоқыс шығарылды

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторлары қысқы маусымның қорытындысын шығарып, «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұлттық парк аумағын қоқыстан тазарту...

Көкшетауда әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға 125 пәтердің кілті табысталды

Көкшетау қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа пәтерлердің кілті табысталды. Қоныс тойын тойлаушыларға төрт жаңа...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Көкшетау қаласының «Аяла» арнайы балабақшасы жаңа автокөлік алды

Көкшетау қаласына жұмыс сапары барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Аяла» арнайы балалар бақшасына барды. 2025 жылдан бастап бақша ерекше...

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Александра Кәрімжанованың 80 жас мерейтойы атап өтілді

Көкшетау қаласына жұмыс сапары барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қатысушысы Александра Кәрімжанованы 80...

Оқу керек

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов республикалық референдумға қатысты

Марат Ахметжанов жұбайымен бірге Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау...

Алғашқы республикалық жарыстар «Kokshe Arena» көпфункционалды спорт кешенінде өтуде

Алғаш рет «Kokshe Arena» спорт кешені республикалық деңгейдегі жарыстарды...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған