ОқиғаАқмола облысында полицейлер алаяққа алданған азаматшаға ақшасын қайтарып берді

Ақмола облысында полицейлер алаяққа алданған азаматшаға ақшасын қайтарып берді

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысында құқық қорғау органдары интернет-алаяқтық дерегіне жедел әрекет етіп, жергілікті тұрғынның алданған қаражатын қайтарып берді.

Оқиға әлеуметтік желі арқылы белгілі болды. Instagram желісіндегі қолданушы фейк аккаунт арқылы концерт билеттерін сатып алмақ болған кезде алаяқтың құрбанына айналғанын жазған. Белгісіз адам өзін жас қыз ретінде таныстырып, әйгілі Gorillaz тобының концертіне екі билет ұсынған. Әр билет құны 40 мың теңге деп көрсетілген.

Тараптар алдын ала келісім бойынша, сатып алушы билеттерді қолма-қол алғаннан кейін толық төлем жасауға уағдаласқан. Алайда кепіл ретінде жәбірленуші 40 мың теңгені алдын ала аударған. Ақша түскен соң «сатушы» түрлі сылтаулар айтып, билеттерді беруден жалтарып, қаражатты қайтарудан бас тартқан.

Өзін алданғанын түсінген азаматша екі күннен кейін Қосшы қаласының полиция бөліміне арызданды. Тексеру жұмыстарын жедел уәкіл Бахтияр Тлеукенов жүргізіп, жәбірленушінің түсініктемесін, хат алмасу деректерін және төлем құжаттарын зерделеу арқылы күдіктінің жеке басын қысқа мерзімде анықтады.

Тексеру барысында 18 жастағы азаматтың концерт билеттері расымен болғаны, алайда оларды басқа адамдарға сатып жіберіп, соған қарамастан жәбірленушіні әдейі жаңылыстырғаны белгілі болды. Күдіктімен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, алаяқтық әрекеттер үшін көзделген құқықтық жауапкершілік түсіндірілді. Нәтижесінде жәбірленушіге аударылған қаражат толық көлемде қайтарылды.

Әлеуметтік желідегі жазбасында азаматша полиция қызметкерлеріне алғысын білдіріп, олардың жедел әрі кәсіби жұмысына жоғары баға берді.

Полиция департаменті азаматтарды интернет арқылы билет немесе өзге де тауарлар сатып алу кезінде аса сақ болуға шақырады. Құқық қорғау органдары бағасы шектен тыс арзан ұсыныстарға сенбеуге, сатушының жеке деректерін мұқият тексеруге және алдын ала төлем жасаудан барынша бас тартуға кеңес береді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Идеядан бастап жұмыс істеп тұрған бизнеске, қолдаудан бастап нақты нәтижеге дейін!

12 қыркүйекте Жарқайың ауданында өткен жыл сайынғы «Күз сыйы» жәрмеңкесінде ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өнімдерімен қатар, 2025–2026 жылдардағы грант иегерлерінің...

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Оқу керек

Идеядан бастап жұмыс істеп тұрған бизнеске, қолдаудан бастап нақты нәтижеге дейін!

12 қыркүйекте Жарқайың ауданында өткен жыл сайынғы «Күз сыйы»...

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған