Жағымды жаңалықтарИнвестициялар өсімі мен жол инфрақұрылымын дамыту әкімдік отырысында қаралды

Инвестициялар өсімі мен жол инфрақұрылымын дамыту әкімдік отырысында қаралды

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысы әкімдігінің отырысында инвестициялар тарту және қысқы кезеңде автомобиль жолдарын күтіп-ұстау мәселелері қаралды.

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Бақытжан Сапардың айтуынша, 11 айдың қорытындысы бойынша өңір инвестициялар өсімінің қарқыны жағынан ел бойынша көш бастап тұр. Алғаш рет жобалар санына емес, олардың сапасына, іске қосу мерзімдеріне және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосатын нақты үлесіне басымдық берілді. Бұл ретте инвестициялардың 70 пайызы – жеке инвестициялар. Негізгі қаржы салынатын бағыттар – өңдеуші өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, энергетика және инфрақұрылым.

Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Владимир Кулаковтың айтуынша, жыл бойы автомобиль жолдарын салу және жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. 15–25 жыл бойы жөндеу көрмеген учаскелерге ерекше назар аударылды. Жыл басынан бері барлығы 900 шақырым автожол салынды және жөнделді, оның ішінде 374 шақырымы – республикалық маңызы бар жолдар.

«Инвестициялар салық базасын кеңейтеді, ал бұл экономиканың тұрақты дамуына тікелей әсер етеді. Инвестициялар тарту бойынша белсенді өңірлер – Көкшетау қаласы, Бурабай және Целиноград аудандары. Ақкөл ауданының да әлеуеті жоғары. Оң мысал ретінде Ерейментау ауданының Тұрғай ауылында мал шаруашылығы кешенінің іске қосылуын атап өтуге болады, мұнда 7,5 мың бас ірі қара әкелінді», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Өңір басшысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына аудан және қала әкімдерімен бірлесіп индустриялық аймақтар аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау және инвесторларды тарту үшін қажетті инфрақұрылымды құруды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге ерекше көңіл бөлуді тапсырды.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына 2026 жылғы 1 мамырға дейін жол активтерінің сапасы жөніндегі ұлттық орталықтың филиалы анықтаған ескертулерді жою, сондай-ақ қысқы кезеңде автомобиль жолдарын тиісті деңгейде күтіп-ұстау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу тапсырылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Идеядан бастап жұмыс істеп тұрған бизнеске, қолдаудан бастап нақты нәтижеге дейін!

12 қыркүйекте Жарқайың ауданында өткен жыл сайынғы «Күз сыйы» жәрмеңкесінде ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өнімдерімен қатар, 2025–2026 жылдардағы грант иегерлерінің...

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Оқу керек

Идеядан бастап жұмыс істеп тұрған бизнеске, қолдаудан бастап нақты нәтижеге дейін!

12 қыркүйекте Жарқайың ауданында өткен жыл сайынғы «Күз сыйы»...

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған