Жағымды жаңалықтар«Мәлік Ғабдуллин. Ғибратты ғұмыр» кітабының тұсаукесері

«Мәлік Ғабдуллин. Ғибратты ғұмыр» кітабының тұсаукесері

-

- Advertisment -spot_img

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде әдебиеттанушы-ғалым, Асылбек Байтанұлының «Мәлік Ғабдуллин. Ғибратты ғұмыр» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Шараға зиялы қауым мен қоғам қайраткерлері , М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының өкілдері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.

Асылбек Байтанды көкшеліктер Мәлік Ғабдуллин музейінде қызмет істеген уақыттан бастап батыр тұлғасын ұзақ жылдар бойы дәріптеп, еңбектерін зерттеп-зерделеген, қолынан қаламын тастамаған ғалым, қазақ руханиятының жанашыры деп біледі.

Танымдық еңбекке автордың Мәлік Ғабдуллин туралы зерттеулері, музейде қызмет істеген жылдардағы тағылымды іс-сапарларының баяндамалары, естеліктері енген.

Іс-шараның модераторы, М.Ғабдуллин мұражайдың директоры Мұхаммед Қонқаев қатысушы қонақтарды таныстырып, автордың музейде жұмыс істеген жылдардағы еңбегін ерекше атап өтті.

Құттықтау сөздің шымылдығын ашқан жазушы-драматург, қоғам қайраткері Жабал Ерғалиұлы жарық көрген кітаптың – Мәліктану ғылымындағы ұзақ ізденістің, терең ой мен табанды еңбектің жемісі дей келе, кітап авторы Асылбек Байтанұлына Ақмола облысы әкімінің орынбасарының хатын табыстады.

Шара соңында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері Нұрлан Ысқақов батырдың қызы Майдан Мәлікқызының және туған-туыстарының атынан авторға және мұражайға алғысын білдірді.

Көкшетаулық достары Асылбек Байтанұлының иығына шапан жауып, ақ тілектерін жаудырды.

Осылайша, кітап қалың оқырманға жол тартты.

Университет қабырғасындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы клуб мүшелері Батырға арналған арнау өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды.

Асылбек Байтанұлының бұл еңбегі Мәліктану ғылымына қосылған жемісті еңбек, қазақ әдебиеті мен руханиятының дамуына қосылған сүбелі үлес деп білеміз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған