Жағымды жаңалықтарҚосшы қаласында ақылды камералары бар Жедел басқару орталығы іске...

Қосшы қаласында ақылды камералары бар Жедел басқару орталығы іске қосылды

-

- Advertisment -spot_img

Қосшы қаласында Заң мен Тәртіп қағидатын нығайтуға, сондай-ақ қоғамдық және жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында қалада 1000 жаңа бейнебақылау камерасы іске қосылып, бұған дейін орнатылған тағы 500-ге жуық камера жасанды интеллект элементтері бар бірыңғай зияткерлік платформаға біріктірілді.

Барлық бейнеағындар тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейтін қалалық жаңа Жедел басқару орталығына шоғырландырылады. Орталық қоғамдық ахуалды тұрақты бақылауды қамтамасыз етеді.

Орталықтың жұмысымен Ішкі істер министрі Ержан Саденов пен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов танысты.

Жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Ішкі істер министрлігінің, Ақмола облысы әкімдігінің және Freedom компаниясының қолдауымен жүзеге асырылды.

Ішкі істер министрі Ержан Саденов атап өткендей, заманауи цифрлық шешімдерді енгізу құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі элементі болып табылады.

«Бүгінде біз “Заң және Тәртіп” қағидатын жүйелі түрде жүзеге асырып келеміз, мұнда технологиялар полицияның сенімді көмекшісіне айналуда. Зияткерлік бейнебақылау жүйелері құқық бұзушылықтарды жедел анықтауға ғана емес, олардың алдын алуға да мүмкіндік береді. Бұл – азаматтардың қауіпсіздігіне және қалада қолайлы ортаны қалыптастыруға қосылған нақты үлес. Осындай жедел басқару орталықтары облыстың барлық аудандарында бірдей стандарттар бойынша құрылып, жабдықталуы маңызды. Бұл құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде бірыңғай тәсілді қалыптастырып, кез келген оқиғаға жедел әрі пәрменді әрекетті етуге мүмкіндік береді», – деді министр.

Жедел басқару орталығы мониторинг пен әрекет етудің бірыңғай нүктесі ретінде қалыптастырылған. Мұнда полиция департаментінің қызметкерлері мен әкімдіктің коммуналдық қызметтері бірлесіп жұмыс атқарады.

Орталық мамандары абаттандыру, жол инфрақұрылымы, коммуналдық желілер және қалалық шаруашылықтың өзге де бағыттары бойынша тұрғындардың өтініштерін жедел қабылдап, пысықтайды.

Жүйеге сондай-ақ азаматтардың жедел қызметтермен шұғыл байланысуына арналған екі SOS батырмасы, биік ғимараттарға орнатылған үш жоғары дәлдіктегі камера, сондай-ақ құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін сегіз мобильді патруль енгізілген. Олардың бірі жедел жәрдем көлігіне орналастырылған.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов цифрлық инфрақұрылымды дамыту халықтың өмір сапасына тікелей әсер ететінін атап өтті.

«Қосшы екі жобаны — “Заң және тәртіп” пен “Таза Қазақстанды” — 1,5 мың жасанды интеллекті бар камераны біріктіретін бірегей цифрлық платформа аясында тоғыстырған алғашқы қала болды. Бұл Қосшы тұрғындары үшін құқықтық тәртіп пен қолайлы ортаны қамтамасыз ететін орталық. Ішкі істер министрлігі мен облыс әкімдігінің бірлескен күш-жігері арқылы біз қауіпсіздік мәдениетін ғана емес, көшелерде де, адамдардың санасында да тазалық мәдениетін қалыптастыруымыз қажет», — деп атап өтті өңір басшысы.

Сонымен қатар Қосшы қаласының әкімдігі мен полициясы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету міндеттерін орындау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын белсенді түрде пайдалануда.

Дрондар жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу, қоғамдық тәртіп саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау, адамдардың көп шоғырланған орындарын бақылау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары мен аумақтардың санитарлық жағдайын мониторингтеу, ауыл шаруашылығы жерлерін тексеру және түрлі жағдайларға жедел әрекет ету үшін қолданылады.

Бұған қоса, ұшқышсыз ұшу аппараттары қалалық инфрақұрылымның жай-күйін бақылауға, рұқсатсыз қоқыс орындарын анықтауға және абаттандыру талаптарының бұзылуын тіркеуге пайдаланылады.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Негізгі назар...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...

Ақмола облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі басымдықтар Халық Кеңесінің төрағасымен талқыланды

Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында қоғам өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен, ғылыми қауымдастық және этномәдени...

Ақмола облысында Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңір активімен кездесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері»...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Republic Day және Bereke Fest: қазақстандықтар жеңілдікпен тауарларды қайдан сатып ала алады?

Қазақстанның барлық 20 өңірінде Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасуда. Мерекелік науқанға еліміз...

Республика күні – елдік пен жауапкершілік мерекесі

Құрметті отандастар! Баршаңызды еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация...

Оқу керек

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған