Жағымды жаңалықтарҚосшы өнерпаздарының мерейі үстем болды

Қосшы өнерпаздарының мерейі үстем болды

-

- Advertisment -spot_img

Астана қаласында 19–20 қараша күндері өткен «Шабыт» XXVIII Халықаралық шығармашыл жастар фестивалі биыл да жас дарындардың бақ сынасқан айшықты алаңына айналды. Әр өңірден жиналған өнерлі жастардың ішінде Қосшы қаласы Мәдениет үйінің «Tartu» фольклорлық ансамблі де өз өнерін ортаға салды.

Ұлттық музыка өнерінің бояуын қанық жеткізуді мақсат тұтқан ұжым «фольклорлық ұжым» номинациясы бойынша үшінші орын иеленіп, фестиваль жүлдегерлері қатарынан табылды. Бұл — ансамбльдің кәсіби ізденісі мен тыңғылықты еңбегінің жемісі.

Ансамбльге жетекшілік ететін күйші Мейрам Айтмағанбетовтің еңбегі айрықша. Өнерге адалдығы мен орындаушылық шеберлігі арқылы ол жас музыканттарды ұлттық бағытта тәрбиелеп, қазақтың дәстүрлі әуенін жаңаша нақышпен жеткізуге жол ашып келеді.

«Tartu» құрамындағы жас өнерпаздар домбыра, жетіген, қылқобыз, сазсырнай, прима қобыз, дауылпаз, шаңқобыз секілді көне аспаптардың үнімен көрерменді тәнті етті. Әрбір нөмір ұжымдық үйлесімге, ұлттық нақышқа, нәзік әуезге құрылғаны байқалды.

Құрылғанына көп уақыт болмаса да, ансамбль бірталай бәйгелерде топ жарып, халықтың ыстық ықыласына бөленіп үлгерді. Бұл — бүгінгі жас буынның ұлттық өнерге деген қызығушылығының жоғары екенін көрсететін қуанышты жайт.

Өнер жолында ізденіп, ел мерейін өсіріп жүрген «Tartu» фольклорлық ансамблін жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз. Жас таланттардың алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, қазақтың дәстүрлі музыкасын жаңа тыңдарманға кеңінен таныта беруіне тілектеспіз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Жеті партия, бір эфир және сайлауалды науқанның алғашқы саяси сыны

Жеребе, Әдеп хартиясы және баршаға ортақ ашық микрофон – аптаның басты саяси кеші дәл осындай форматта өтті. Сайлауалды науқан партиялардың...

Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпінін сақтап отыр

Бүгін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің отырысында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары...

Қабырғалар сөйлеген күн: Целиноград ауданындағы муралдар жаңа дәуірдің бояуына айналды

Кейде бір ғана сурет тұтас көшенің тынысын өзгерте алады. Кеше ғана көзге үйреншікті болып көрінген ескі ғимараттар бүгін ерекше...

Бұланды ауданында 57 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды

Макинск қаласында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа пәтер кілттерін табыстау рәсімі өтті. Қоныс тойын атап өткен 57 отбасы үшін...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Көбейтұз көлінде табиғатты қорғау шектеулері орнатылды

Мемлекет басшысының Көбейтұз көліне ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін беру туралы тапсырмасын орындау аясында Ақмола облысында су айдынын «Бұйратау»...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – құқық бұзушылық әрі адам құқықтарын өрескел бұзу. Ол тек күш қолданумен шектелмейді. Қорлау, қорқыту, бопсалау, экономикалық...

Оқу керек

Жеті партия, бір эфир және сайлауалды науқанның алғашқы саяси сыны

Жеребе, Әдеп хартиясы және баршаға ортақ ашық микрофон –...

Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпінін сақтап отыр

Бүгін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен облыс...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған