Жағымды жаңалықтарҚосшыда мемлекеттік рәміздердің мәні мен мәртебесін арттыруға бағытталған семинар...

Қосшыда мемлекеттік рәміздердің мәні мен мәртебесін арттыруға бағытталған семинар өтті

-

- Advertisment -spot_img

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Геральдикалық зерттеулер орталығы» мен Қосшы қаласы әкімдігі бірлесіп мемлекеттік рәміздерді ұлықтау, оларды құрметтеу және кеңінен насихаттау мақсатында танымдық семинар өткізді. Іс-шара мемлекеттік нышандардың қоғамдағы орны мен олардың мән-маңызын терең түсіндіруге бағытталды.

Семинар барысында спикерлер мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібіне тоқталып, олардың тарихи қалыптасуы мен символдық мазмұнына жан-жақты шолу жасады. Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның әрбір элементі елдің тәуелсіздігі, мемлекетшілдік дәстүрі мен ұлттық рухының көрінісі екені атап өтілді.

Геральдикалық зерттеулер орталығының негізгі қызметі жөнінде орталық директорының м.а. Шерхан Талапұлы Талапов, мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі туралы Ведомстволық және өзге де наградаларды сараптау бөлімінің басшысы Әділхайыр Ерзатұлы Мырзаханов, ал рәміздердің тарихи бастаулары жөнінде Геральдикалық зерттеулер бөлімінің басшысы Асылжан Самиғоллаұлы Бижанов мазмұнды баяндама жасады.

Спикерлер мемлекеттік рәміздерге қатысты заңнамалық талаптарды, олардың сақталу мәдениетін және геральдикалық стандарттарға қойылатын талаптарды түсіндіріп, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.

Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету – ұлттық бірегейліктің маңызды бөлігі екені айтылған шараға мемлекеттік қызметшілер, мәслихат депутаттары мен қалалық құрылымдардың өкілдері қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер қоғамда патриоттық рухты күшейтуге, мемлекеттік нышандардың мәртебесін арттыруға зор ықпал етеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті

Көкшетау қаласында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты іс-шаралар өтті. Өңір тұрғындары мен облыс орталығының қонақтарын облыс әкімі Марат...

Ақмола облысында орфандық аурулары бар балаларға қосымша 1,5 млрд теңге бөлінді

Облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова «Kobelek balalar» қоғамдық қорының директоры Сәуле Тәтемовамен кездесіп, сирек (орфандық) аурулары бар балаларды медициналық...

Зеренді ауданында Шағалалы ауылына апаратын жолды жөндеу басталды

Ақмола облысының Зеренді ауданында Көкшетау – Атбасар тас жолынан Шағалалы ауылына дейінгі автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары басталды. Ұзындығы...

«Шаңырақ» креативті хабы: жеңімпаздар анықталды

Ақмола облысында «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен өткен «Шаңырақ» креативті хабы өз мәресіне жетіп, үздік қатысушылар анықталды. Байқауға Instagram, TikTok және...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Ақмола облысында «Qazaq Kaolin» ЖШС-нің тау-кен байыту комбинатының техникалық іске қосылуы өтті

Ақмола облысы Зеренді ауданының өндірістік алаңында «Qazaq Kaolin» ЖШС-де жабдықтың техникалық іске қосылуы өткізілді. Тау-кен байыту комбинаты Алексеевское кен...

Сандықтау ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 2 мыңнан астам көшет отырғызылды

Сандықтау ауданында экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өткізілді. Іс-шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова қатысты. «Әрбір...

Оқу керек

Ақмола облысы Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті

Көкшетау қаласында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты іс-шаралар...

Ақмола облысында орфандық аурулары бар балаларға қосымша 1,5 млрд теңге бөлінді

Облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова «Kobelek balalar» қоғамдық қорының...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған