ҚоғамСтепняк тұрғындары жаурап отыр

Степняк тұрғындары жаурап отыр

-

- Advertisment -spot_img

Степняк қаласында тұрғындар жылудың жоқтығынан қауіп-қатерге тап болды. Қаладағы коммуналдық қызметкерлер айлап күттірген еңбекақысын алғанымен, отын сапасыз, дизель генераторы істен шыққан, жылу трассасы дұрыс тартылмаған.

От жағушылар қанша тырысқанымен көмірдің сапасы өте төмен, электр жарығының өшіп қалуы, жылу желісі ақау тұрғындардың үйлеріне жылуды жеткізе аламай отыр.

Тұрғындар әлеуметтік желіде шағым жасап, бейнежазбаларымен бөлісті. «Бірнеше жыл бойы осылай» дейді олар. Қала тұрғындары қыс басталай жатып, жаурап отыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Nayza Kokshe (@nayza_kokshe)

Мекеме басшылығы ауысты, жаңа директор жергілікті. Бірақ проблема шешілген жоқ: генератор істен шыққан, жылу айналымы бұзылған, көмір сапасы сын көтермейді. Бұл қала тұрғындарын алаңдатып отыр.

Коммуналдық қызметтер «генератор жөнделеді, жылу желісіне қосымша насос қойылады, көмір сынамалары зауытқа жіберілді», деп халыққа уәдені үйіп-төгуде. Дегенмен, Степняк тұрғындары биліктің уәделеріне емес, алдағы қыстың қатал болатынына сенеді.

1 Пікір

  1. Біржан сал ауданының ТКШ, ЖМ, АҚ және ЖИ бөлімі тұрғындарға тұрақты жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету мәселелері тұрақты бақылауда екенін хабарлайды.

    Бүгінгі күнге дейін:
    * Қалада электрмен жабдықтау қалпына келтірілді, қазандықтар штаттық режимде жұмыс істейді.
    * Жылумен жабдықтау жүйесіндегі температуралық режим теңестіріледі, жылу беру параметрлерін реттеу және арттыру жүргізіледі.
    * Сапасыз көмірді жеткізу фактісі бойынша тексеру жүргізілді, зертханалық сараптамаға жіберілген сынақ қаптары іріктелді.
    * Дизельді генератор бойынша: диагностика жүргізілді, оны жөндеу туралы шешім қабылданды. Қажет болған жағдайда қазандықтың үздіксіз жұмыс істеуі үшін қосымша дербес қуат көзі уақытша пайдаланылатын болады.
    * Жылумен жабдықтау объектілеріндегі барлық қауіпсіздік шаралары бақыланады.

    Біз тұрғындардың алаңдаушылығын түсінеміз және белсенді азаматтық ұстанымымыз үшін алғыс айтамыз. Барлық өтініштер жедел қабылданады және қаралады. Мақсат-дала тұрғындарының үйлері жылы әрі тыныш болуы үшін жылыту маусымының тұрақты және қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Идеядан бастап жұмыс істеп тұрған бизнеске, қолдаудан бастап нақты нәтижеге дейін!

12 қыркүйекте Жарқайың ауданында өткен жыл сайынғы «Күз сыйы» жәрмеңкесінде ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өнімдерімен қатар, 2025–2026 жылдардағы грант иегерлерінің...

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Оқу керек

Идеядан бастап жұмыс істеп тұрған бизнеске, қолдаудан бастап нақты нәтижеге дейін!

12 қыркүйекте Жарқайың ауданында өткен жыл сайынғы «Күз сыйы»...

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған