Жағымды жаңалықтарЖақсылық пен жан жылуы: Көкшетаудағы «Белсенді ұзақ өмір» орталығындағы...

Жақсылық пен жан жылуы: Көкшетаудағы «Белсенді ұзақ өмір» орталығындағы әсерлі кездесу

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Көкшетау қаласындағы «Белсенді ұзақ өмір» орталығында өңірдің ардагерлерімен және белсенді ұзақ өмір салтын ұстанып жүрген аға буын өкілдерімен кездесті.

Жылы жүздесуде өңір басшысына орталықтағы он алты үйірменің жұмысы таныстырылды. Қазіргі таңда орталыққа тіркелгендердің саны 1400-ден асып, күн сайын 400-ге жуық адам түрлі бағыттағы сабақтарға қатысып келеді.

Мұнда қариялардың белсенді өмір сүруіне барлық жағдай жасалған. Йога, би, фитнес, емдік дене шынықтыру, шахмат, тоғызқұмалақ, қолөнер, вокал, компьютерлік сауат ашу, қазақ және ағылшын тілдерін үйрету сабақтары тұрақты өтеді. Жақында орталықта каратэ, асық ату, театр үйірмесі және фольклорлық ансамбль де ашылып, қатысушылардың мәдени және рухани өмірін байыта түсті. Сонымен қатар, бассейн фитнесі мен атпен серуендеу үйірмелері де жұмысын бастады.

Бұл игі бастамалардың барлығы — өңір басшысының тікелей қолдауының нәтижесі. Кездесу барысында облыс басшысы орталыққа теннис үстелін сыйға тартып, сонымен қатар келушілердің қатынауын жеңілдету мақсатында шағын автобус әперуге сертификат табыс етті.

Қариялар мұндай қамқорлықты ерекше ризашылықпен қабылдады. Олардың айтуынша, облыс әкімінің жылы ықыласы мен нақты қолдауы – зейнет жасындағы азаматтардың қоғам өміріне белсенді араласуына зор серпін беріп отыр.

Жақында Мемлекет басшысының Жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталған, «Көкше Энерго» серіктестігінің басшысы, меценат Досымхан Аралбаев та орталыққа ерекше тарту жасады – қазақтың киелі мұрасы киіз үйді сыйға тартты.

Бұл сый — материалдық көмек қана емес, ұлттық дәстүр мен рухани сабақтастықты дәріптеудің көрінісі. Енді киіз үйде ардагерлер бас қосып, ұлттық құндылықтар мен мәдениет жөнінде сыр шертісіп, елдік әңгімелер өрбітетін жаңа рухани орта қалыптаспақ.

Көкшетаудағы «Белсенді ұзақ өмір» орталығында орын алған бұл кездесу — аға буынға деген құрмет пен қамқорлықтың нақты үлгісі.

Ауа райының ызғары сезілсе де, әкім мен меценаттың жылы ықыласы мен шынайы ниеті қариялардың көңілін бір серпілтіп тастады.

Мұндай игі істер — қоғамның рухани берік іргетасы мен ұрпақтар сабақтастығын нығайтатын жарқын мысал.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Щучинск қаласында халықаралық деңгейде «Айбын» жастар жиыны өтеді

21-27 маусым аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледждің «Амандық» оқу-жаттығу орталығында XII «Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық...

Ақмола облысындағы индустриялық аймақтарды дамыту перспективалары Aqmola Invest алаңында талқыланды

Aqmola Invest алаңында Ақмола облысының әкімі төрағалық еткен кеңесте республикалық маңызы бар AQMOLA және KOKSHE INDUSTRY индустриялық аймақтарын дамыту,...

Ақмола облысында ет кластерін дамыту жобасы әзірленеді

Ақмола облысы әкімдігінде өңір басшысы Марат Ахметжановтың Ш. Уәлиханов атындағы университет өкілдерімен және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен мал шаруашылығын...

Қаржылық мониторинг агенттігі «CVK» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты

Қазіргі уақытта Агенттіктің аумақтық департаменттері еліміздің 14 өңірінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде. Жоба өзін маркетплейс ретінде таныстырып, қатысушыларға тұрақты...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Он жылдан астам уақыт күткен жарық ауыл көшелеріне келді

Оразақ ауылында тұрғындар көптен күткен қуанышты оқиға орын алды. Ауылдың ескі бөлігіндегі Абай Құнанбайұлы, Талғат Бигелдинов және Рақымжан Қошқарбаев...

Жас ветеринарлар – ауылдың сенімді тірегі және аграрлық саланың болашағы!

Әрбір малдың саулығының, әрбір шаруашылықтың берекесінің және тұрғындарымыздың дастарханына жететін сапалы өнімнің артында ветеринария мамандарының күнделікті қажырлы еңбегі тұр. Бүгінде...

Оқу керек

Щучинск қаласында халықаралық деңгейде «Айбын» жастар жиыны өтеді

21-27 маусым аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында Шоқан Уәлиханов...

Ақмола облысындағы индустриялық аймақтарды дамыту перспективалары Aqmola Invest алаңында талқыланды

Aqmola Invest алаңында Ақмола облысының әкімі төрағалық еткен кеңесте...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған