Жағымды жаңалықтар«Ең үздік психолог» облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды

«Ең үздік психолог» облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысында педагог-психологтердің кәсіби біліктілігін арттыру және үздік тәжірибелерін насихаттау мақсатында дәстүрлі «Ең үздік психолог» аймақтық байқауы өтті. Биылғы жылы сайысқа өңірдің білім беру ұйымдарынан 30 педагог-психолог қатысып, өзара бақ сынасты.

Байқау барысында қатысушылардың кәсіби шеберлігі, жұмыс тәжірибесі, заманауи әдістемелерді қолдану дағдылары мен балаларға психологиялық қолдау көрсету бағытындағы ізденістері жан-жақты бағаланды. Тәуелсіз қазылар алқасы үміткерлердің еңбегін үш санат бойынша саралады:

  • I санат – жұмыс өтілі 3–5 жыл;

  • II санат – жұмыс өтілі 5–7 жыл;

  • III санат – жұмыс өтілі 7 жылдан астам мамандар.

Нәтижесінде үздік деп танылған педагог-психологтер анықталды.

I санат бойынша:

  • II орын – Кәмила Маратқызы Алпыспаева, Бурабай кентіндегі Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта мектептің педагог-психологі;

  • III орын – Бану Серікқызы Қуандықова, Көкшетау жоғары медициналық колледжінің педагог-психологі.

II санат бойынша:

  • II орын – Айдана Мұратқызы Рысмағанбетова, Көкшетау қаласындағы Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының педагог-психологі;

  • III орын – Нина Владимировна Кузьминова, Степногорск қаласындағы «Балдырған» №2 балабақшасының педагог-психологі.

III санат бойынша:

  • I орын – Сәния Есенжолқызы Бостанова, Біржан сал ауданы Мақпал ауылының негізгі орта мектебінің педагог-психологі;

  • II орын – Карина Александровна Тимофеева, Аршалы кентіндегі агротехникалық колледждің педагог-психологі;

  • III орын – Ольга Викторовна Әділбекова, Степногорск қаласының Заводской кентіндегі жалпы орта мектептің педагог-психологі.

Бұдан бөлек, кәсіби біліктілігі мен шығармашылық әлеуеті жоғары мамандар арнайы номинациялармен марапатталды:

  • Марина Алексеевна Ли — «Кәсіби шеберлік» номинациясы бойынша;

  • Зайра Мұратқызы Бекішова — «Креативті психолог» номинациясы бойынша;

  • Екатерина Александровна Черепанова — «Жылдың серпілісі» номинациясы бойынша.

Байқау тәжірибе алмасу, кәсіби жетістіктер мен оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу саласындағы заманауи тәсілдерді таныстыру алаңына айналды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге алғыс білдіріліп, олардың еңбегі жоғары бағаланды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Астрахан ауданында алтын өндіру фабрикасы іске қосылды

Астрахан ауданының Жалтыр ауылында «Ақбеит» кен орны базасында алтын өндіру фабрикасы ашылды. Өндіріс сингапурлық инвесторлардың қатысуымен Aina Resources ЖШС...

Щучинск қаласында халықаралық деңгейде «Айбын» жастар жиыны өтеді

21-27 маусым аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледждің «Амандық» оқу-жаттығу орталығында XII «Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық...

Ақмола облысындағы индустриялық аймақтарды дамыту перспективалары Aqmola Invest алаңында талқыланды

Aqmola Invest алаңында Ақмола облысының әкімі төрағалық еткен кеңесте республикалық маңызы бар AQMOLA және KOKSHE INDUSTRY индустриялық аймақтарын дамыту,...

Ақмола облысында ет кластерін дамыту жобасы әзірленеді

Ақмола облысы әкімдігінде өңір басшысы Марат Ахметжановтың Ш. Уәлиханов атындағы университет өкілдерімен және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен мал шаруашылығын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Қаржылық мониторинг агенттігі «CVK» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты

Қазіргі уақытта Агенттіктің аумақтық департаменттері еліміздің 14 өңірінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде. Жоба өзін маркетплейс ретінде таныстырып, қатысушыларға тұрақты...

Он жылдан астам уақыт күткен жарық ауыл көшелеріне келді

Оразақ ауылында тұрғындар көптен күткен қуанышты оқиға орын алды. Ауылдың ескі бөлігіндегі Абай Құнанбайұлы, Талғат Бигелдинов және Рақымжан Қошқарбаев...

Оқу керек

Астрахан ауданында алтын өндіру фабрикасы іске қосылды

Астрахан ауданының Жалтыр ауылында «Ақбеит» кен орны базасында алтын...

Щучинск қаласында халықаралық деңгейде «Айбын» жастар жиыны өтеді

21-27 маусым аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында Шоқан Уәлиханов...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған