Жағымды жаңалықтарТазалық – қоғам мәдениетінің айнасы

Тазалық – қоғам мәдениетінің айнасы

-

- Advertisment -spot_img

Тазалық – бір адамның емес, тұтас қоғамның мәдениетін айқындайтын көрсеткіш. Қала мен ауылдың көркі, көшенің ажары ең алдымен тұрғындардың жауапкершілігі мен ұқыптылығына байланысты. Таза аула, таза көше, таза табиғат – әр азаматтың борышы әрі елге деген құрметінің белгісі.

Бүгін Косшы қаласында республикалық Таза Қазақстан акциясы аясында Таза бейсенбі экологиялық күні өтті. Шараға мемлекеттік органдардың қызметкерлері, коммуналдық қызмет өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен қала тұрғындары белсене қатысты.

Қатысушылар аула мен көшелерді, жол жиегін, жасыл аймақтарды тұрмыстық қалдықтан тазартты. Әсіресе әлеуметтік нысандардың айналасы мен жаяу жүргіншілер жолдарының бойына ерекше көңіл бөлінді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қаланы тазалау бір күндік акциямен шектелмеуі тиіс. Тазалық мәдениетін қалыптастыру – күнделікті өмір салтына айналуға тиісті игі іс. Бұл – әр азаматтың санасынан басталатын үрдіс.

«Таза орта – сау ұрпақ, ал таза ауа – берекелі өмірдің кепілі. Қала мен елді мекендердің көркеюі, ең алдымен, баршамыздың жауапкершілігімізге байланысты», – дейді акция қатысушылары.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Идеядан бастап жұмыс істеп тұрған бизнеске, қолдаудан бастап нақты нәтижеге дейін!

12 қыркүйекте Жарқайың ауданында өткен жыл сайынғы «Күз сыйы» жәрмеңкесінде ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өнімдерімен қатар, 2025–2026 жылдардағы грант иегерлерінің...

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Оқу керек

Идеядан бастап жұмыс істеп тұрған бизнеске, қолдаудан бастап нақты нәтижеге дейін!

12 қыркүйекте Жарқайың ауданында өткен жыл сайынғы «Күз сыйы»...

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған