Жағымды жаңалықтар«Таза Қазақстан»: Ақмола облысында 30 мыңнан астам адам сенбілікке...

«Таза Қазақстан»: Ақмола облысында 30 мыңнан астам адам сенбілікке шықты

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысында Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ауқымды түрде өтті. Бір күннің ішінде өңір бойынша 30 мыңнан астам тұрғын сенбілікке шығып, 100 мың шаршы метрден астам аумақты тазалады және 25 мыңға жуық ағаш пен бұта отырғызды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Көкшетаудан бастап ең шалғай ауылдарға дейін тұрғындар табиғатты қорғау мен туған жерді көркейту ісіне бірігіп, отбасымен, әріптестерімен және достарымен шықты. Көпшілігі үшін бұл шара – экологиялық мәдениетке қосқан жеке үлес қана емес, ортақ жауапкершілікті сезінудің белгісі болды.

Әкім де қолға күрек алды

Акция аясында ерекше назар елорда маңындағы ауылдарға аударылды.
Мәселен, Талапкер ауылында жүздеген адам жағалаулар мен аулаларды тазалап, шамамен мың түп ағаш отырғызды.

Қарағай, тал, алма ағаштарының қатарын толықтырған көшеттердің бірнешеуін облыс әкімі Марат Ахметжановтың өзі отырғызды.

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын ерекше атап өтеді. Президенттің бастамасын қолдай отырып, біз өңірде 2 мың гектар аумақта 16 миллион ағаш отырғыздық. Бүгін осы акция аясында тағы 25 мың ағаш отырғызамыз”, – деді Ахметжанов.

240 елді мекен қамтылды

Акция 240-қа жуық елді мекенде өтті.

Аршалы ауданында 1,5 мың адам қатысып, 15 мың шаршы метр аумақты тазалады және 400-ден астам ағаш отырғызды.

Біржан сал ауданында 820 түп қылқан жапырақты ағаш, ал Астрахан ауданында акция барлық 11 ауылдық округте ұйымдастырылды.

Зеренді ауданында оқушылар мен «Көкшетау» ұлттық паркінің қызметкерлері мектеп пен спорт нысандарының маңына ағаштар отырғызды.

Көкшетауда да сенбілік ерекше қарқынмен өтті:
«Жаңа жағалауда» 100 түп алма ағашы мен сирень бұталары егілді,
ал «Ескі жағалау» қарағай, үйеңкі және қарағаштармен толықты.

«Мәңгілік алау» мемориалының айналасына да қылқан жапырақты ағаштар отырғызылды.

Бір күннің ішінде облыс орталығында 4 мыңнан астам жаңа жасыл өсімдік пайда болды.

Жастар – басты қозғаушы күш

Экологиялық сенбіліктің басты қатысушылары дәстүр бойынша жастар болды. Колледж студенттері, еріктілер мен мектеп оқушылары өңірдің барлық аймағында белсенділік танытты.

Биылдың өзінде Ақмола облысында 70 мың жас қатысқан 4 мыңнан астам экологиялық іс-шара өткен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Жеті партия, бір эфир және сайлауалды науқанның алғашқы саяси сыны

Жеребе, Әдеп хартиясы және баршаға ортақ ашық микрофон – аптаның басты саяси кеші дәл осындай форматта өтті. Сайлауалды науқан партиялардың...

Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпінін сақтап отыр

Бүгін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің отырысында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары...

Қабырғалар сөйлеген күн: Целиноград ауданындағы муралдар жаңа дәуірдің бояуына айналды

Кейде бір ғана сурет тұтас көшенің тынысын өзгерте алады. Кеше ғана көзге үйреншікті болып көрінген ескі ғимараттар бүгін ерекше...

Бұланды ауданында 57 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды

Макинск қаласында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа пәтер кілттерін табыстау рәсімі өтті. Қоныс тойын атап өткен 57 отбасы үшін...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Көбейтұз көлінде табиғатты қорғау шектеулері орнатылды

Мемлекет басшысының Көбейтұз көліне ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін беру туралы тапсырмасын орындау аясында Ақмола облысында су айдынын «Бұйратау»...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – құқық бұзушылық әрі адам құқықтарын өрескел бұзу. Ол тек күш қолданумен шектелмейді. Қорлау, қорқыту, бопсалау, экономикалық...

Оқу керек

Жеті партия, бір эфир және сайлауалды науқанның алғашқы саяси сыны

Жеребе, Әдеп хартиясы және баршаға ортақ ашық микрофон –...

Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпінін сақтап отыр

Бүгін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен облыс...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған