ҚоғамКөкшетауда М.Ғабдуллин көшесінің жыры қашан бітеді?

Көкшетауда М.Ғабдуллин көшесінің жыры қашан бітеді?

-

- Advertisment -spot_img

Төрт жыл. Дәл осынша уақыттан бері Көкшетаудың басты көшелерінің бірі – батыр Мәлік Ғабдуллиннің аты берілген көше жөнделіп жатыр. Жыл сайын билік өкілдері: «Биыл аяқтаймыз» дейді. Жыл сайын жаңа сылтау айтылады. Енді міне, тағы бір сандар жария болды: жөндеуді бітіру үшін қосымша 750 миллион теңге керек екен.

Ал тұрғындар үшін бұл жай ғана сандар емес – күнделікті әурешілік. №6 мектеп, балабақшалар, коррекциялық орталықтар, көпқабатты үйлер – барлығы осы көшеде. Жолдың бітпеуі көлік жүргізушілерге де, жаяу жүргіншілерге де қолайсыздық туғызуда. Машиналар ой-шұңқырдан амалсыз өтеді немесе аулаларды айналма жолға айналдырған. «Табыс» дүкенінің жанындағы тар көше қазір көлікке толы. Жанында балалар жүретін балабақша мен тұрғын үйлер. Қауіптің қақ ортасы.

«Аманат» партиясының жиынында бұл мәселе тағы көтерілді. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Владимир Кулаковтың сөзінше, қосымша қаржы бөлінбейінше көшені ашу мүмкін емес.

Алайда халық уәдені тыңдаудан жалықты. «Ақша жетпеді», «жоспар өзгерді» деген сылтаулар жыл сайын қайталанып келеді. Ал көшенің нақты қашан пайдалануға берілетіні әлі белгісіз.

Көкшетаулықтардың сұрағы орынды: қарапайым қала көшесі қалайша көпжылдық құрылысқа айналды? Және оған кім жауап береді?

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Қосшы қаласының тұрғындары жаңа пәтер кілттерін алды

Республика күніне орай Қосшы қаласында тұрғын үй алу кезегінде тұрған азаматтарға жаңа пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға...

Ақмола облысының әкімі жұмыс сапары аясында Қосшы қаласына барды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапары аясында Қосшы қаласына барып, бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Облыс әкімі...

Косшы қаласында тұрғын үйлерді газға қосу жұмыстары жалғасуда

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапары кезінде Косшы қаласында тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстарының барысымен танысты. Өңір...

Көкшетау тұрғындары көптен күткен пәтер кілттерін алды

Республика күніне орай Ақмола облысының орталығында жаңа пәтер кілттерін табыстау салтанатты рәсімі өтті. Жаңа баспаналар реновация бағдарламасы аясында және...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Ақмола облысында Республика күні аталып өтті

Көкшетауда Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан 50-ден астам ақмолалық мемлекеттік...

«Еңбегім саған, елім»: Қосшыда өткен айтыс еңбек адамын ұлықтады

Республика күні қарсаңында Қосшы қаласында ел еңбегін дәріптеп, ұлттық өнерді ұлықтауға арналған аймақтық жас ақындар айтысы өтті. «Еңбегім саған,...

Оқу керек

Қосшы қаласының тұрғындары жаңа пәтер кілттерін алды

Республика күніне орай Қосшы қаласында тұрғын үй алу кезегінде...

Ақмола облысының әкімі жұмыс сапары аясында Қосшы қаласына барды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапары аясында Қосшы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған