Қалалық романсҚоғамдық тәртіп – сөз жүзінде емес, іс жүзінде сақталуы...

Қоғамдық тәртіп – сөз жүзінде емес, іс жүзінде сақталуы тиіс

-

- Advertisment -spot_img

Бір ай бұрын Көкшетаудағы «Жақсы» дүкенінің маңындағы маскүнемдер мәселесі көтерілген болатын. Сол кезде аз уақыт тыныштық орнағанымен, жағдай қайтадан ушығып отыр. Бүгінде дүкен алдында алақан жайып, тұрғындардың жолын бөгеп ақша сұрайтындар көбейіп кеткен. Бұл, әрине, халықтың күнделікті өміріне қолайсыздық туғызып қана қоймай, азаматтардың қауіпсіздігіне де тікелей қауіп төндіреді.

Мемлекет басшысы жариялаған «Заң және тәртіп» қағидаты Көкшетауда толық орындалуда деуге әлі ерте. Өйткені тәртіп сақшыларына заң аясында әрекет етуге ешқандай кедергі жоқ. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде нақты көрсетілген:

  • Қоғамдық орында мас күйінде жүру – ескерту жасауға немесе айыппұл салуға негіз;

  • Ұсақ бұзақылық (қоғамдық тыныштықты бұзу, азаматтарды мазалау) – 3 тәуліктен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу шарасын көздейді.

Яғни құқықтық база бар. Бірақ ең басты мәселе – қолданыста жоқтығында. Егер полиция шара қолданбаса, маскүнемдер бір жерде қайта-қайта жиналып, тұрғындардың мазасын ала береді. Мұндай жағдайдың салдарынан ата-аналар балаларын дүкенге немесе мектепке жіберуге қорқатынын айтуда.

Бұл – жай ғана «ұсақ бұзақылық» емес, қоғамдық тәртіпті жүйелі түрде бұзу. Ал оны реттеу – полицияның тікелей міндеті. Қоғамдық тәртіптің сақталуы – азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғаудың басты кепілі.

Президент сөзі үш күнге ғана емес, күн сайын орындалуы тиіс. Әйтпесе, жарияланған қағидат құрғақ ұран күйінде қалып қояды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған