ҚоғамКөкшетаулықтар Абылай хан даңғылындағы тазалық пен инфрақұрылым мәселесіне алаңдаулы

Көкшетаулықтар Абылай хан даңғылындағы тазалық пен инфрақұрылым мәселесіне алаңдаулы

-

- Advertisment -spot_img

Абылай хан даңғылы – облыс орталығының көркін айшықтайтын маңызды көшелердің бірі. Алайда соңғы кездері бұл жерде орын алып жатқан жағдай тұрғындардың көңілін көншітпей, қоғамдық сыни пікір туғызып отыр. Жаяу жүргіншілер жолы мен велосипед жолы бойында шашылып жатқан күл-қоқыс, топырақтың тегістелмеуі, гүлдердің жоқтығы және арам шөп, қамыс, бұталардың шабылмауы – бұл көріністер ғана емес, сонымен қатар көше инфрақұрылымындағы бірқатар кемшіліктердің де айқын көрінісі, деп жазады Esilnews.kz сайты.

Жақында ғана осы жерде велосипед жолын салды да, айналасын абаттандырмады. Жерді соқамен жыртып тасқандай ойық-ойық, кейбір жерде топырақ үйілген қалпында қалған. Кейбір тұсында ағаштарды трактор мыжып кеткен. Құрылыс жұмыстарынан ақ қалаға жаны ашымайтын адам қолының ізін байқауға болады.

Абылай хан даңғылы қалаға кіре берістегі күре жолдардың бірі. Алайда, осы көшенің бойында жаз бойы мүлдем шалғы тимеген арам-шөптер мен бұталардың өскендігі соншалықты, тіпті кейбір тұстары ит тұмсығы өтпейтін ну орманға айналып барады. Көше бойында гүл дегенің мүлдем жоқ. Ана жерде бір, мына жерде бір бес-алты гүл отырғызған оның өзі суарылмаған, жартысы қурап өліп қалған. Құлпырып өсіп тұрған гүл жоқ.

Тратуар бойы әр метр сайын шашылып жатқан қоқыс. Тіпті, ас үйде тұратын орындықтың жолдың үстінде жатқанын көруге болады, бүтін емес, сынған орындық. Кейбір адамдар әрине, тұрғындардың өздерін кінәләуі мүмкін. Бірақ, Абылай хан даңғылында жолдың шетінде қоқыс салатын урналар мүлдем жоқ. Бұл даңғылда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң және тәртіп» қағидатындағы талаптар да орындалып жатқаны шамалы.

Жақында не заңға, не тәртіпке бағынбайтын «Жақсы» дүкенінің алдындағы маскүнемдер туралы жазған едік. Бұл маскүнемдер мен «бомжы» — лар тұрғын үй ауласындағы тұрмыстық қалдықтарды тасымалдайды. Әлгі айтқан орындықтың да, пакетке салынған қоқыстың да жолда шашылып түсіп қалуына осыдан десек, қателеспейміз. Заң мен тәртіп болмағанда және билік тарапынан бақылау әлсіз ұйымдастырылған жағдайда осындайларға жол берілетіні айдан анық.

Абылай хан көшесінің Қылшақты өзені арқылы өтетін көпірдің тұсында, Ғабдуллин көшелерімен түйісер тұсында жаяулар жолында асфальтің ойылып қалғанына бір жыл өтті. Кез келген елді мекенде жыл сайын күн жылынғанда көшелерге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізетін «ямочный ремонт» деген болатын, мұнда ол да жоқ.

«Осы жолды жөндеуге болады ғой. «Радио завод» аялдамасынан жолдың шеткі жолағымен бірдіндеп жүрудің орнына, бірден ортаңғы жолаққа шығамыз. Өйткені, жолдың шеткі жолағы ойылып қалған, жүру мүмкін емес. Бұл қауіпті, жол-көлік оқиғасына әкеліп соғуы мүмкін», – дейді жүргізушілер.

Бұған дейін жазғанымыздай көше бойындағы электр бағандары қисайып, кейбірі қауіптілік туғызатын халге жеткен. Кейбір жарық бағандарында электр сымдары ашық-шашық тұр. Яғни, тұрғындардың қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді. Әсіресе, балалар үшін өте қауіпті. Қалалық әкімдіктің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінен «ГЭС ЖШС мердігер ұйымының атына тіректерді түзету жөніндегі жұмыстарды жүргізу мәселесі бойынша тиісті хабарлама жіберілетін болады» деп жауап қатқан еді. Содан бері екі апта өтті, төбе көрсеткен мердігер жоқ. Есесіне, иілген бағандардың саны артып келеді.

Сонымен қатар, көшедегі құдықтардың қақпақтары дұрыс жабылмаған, үстіне тас үйіп қойған. Бұл өз кезегінде жарақат алу қаупін арттырады. Тратуарлардың ойық-ойық болуы, жөндеу жұмыстарының сапасыз жүргізілуі де көпшілікке қолайсыздық әкелуде.

Ең өкініштісі – мүмкіндігі шектеулі жандар мен кішкентай балаларын арбаға салған аналар үшін қолайлы орта қалыптастырылмағаны байқалады. Жол қиылыстарында кедергі көп болған соң арбамен жүріп-тұру қиындық туғызуда. Сол себепті, олар өз құқықтарынан айрылып отыр десек, асыра айтпағандаймыз.

«Жаңбыр жауса жол қиылыстарын және бағдаршамдағы жаяулар жолын су алып қалады.  Айналып өтуге немесе толарсақтан су кешуге тура келеді», – дейді қала тұрғыны Тәттігүл Ыбраева.

Қаланың тазалығы мен көркемдігі ғана емес, тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолжетімділігі де басты назарда болуы керек. Бірақ қазіргі ахуал қала әкімшілігінің тұрғындарға деген жауапкершілігінің төмендігін көрсетеді.

Қоғамдық кеңістіктерді таза, қауіпсіз әрі қолжетімді ұстау – билік пен тұрғындардың бірлескен міндеті. Қала басшылығы осы мәселелерге жедел арада назар аударып, тиісті шараларды қабылдауы қажет. Әйтпесе, Көкшетаудың негізгі даңғылындағы бұл кемшіліктер қаланың жалпы бейнесін ғана емес, тұрғындардың күнделікті өмір сапасын да айтарлықтай төмендетеді.

Қорыта айтасақ, Абылай хан даңғылындағы жағдай – бұл тек қоқыс пен арам шөптің ғана емес, инфрақұрылым мен қауіпсіздік мәселелерінің де жинақталған көрінісі. Қаламыздың көркі мен тұрғындардың өмір сапасын жақсарту үшін аталған кемшіліктерге қала басшылығы жедел түрде назар аударады деп сенеміз. Өйткені, бұл Президенттің тікелей тапсырмасы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Астрахан ауданында алтын өндіру фабрикасы іске қосылды

Астрахан ауданының Жалтыр ауылында «Ақбеит» кен орны базасында алтын өндіру фабрикасы ашылды. Өндіріс сингапурлық инвесторлардың қатысуымен Aina Resources ЖШС...

Щучинск қаласында халықаралық деңгейде «Айбын» жастар жиыны өтеді

21-27 маусым аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледждің «Амандық» оқу-жаттығу орталығында XII «Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық...

Ақмола облысындағы индустриялық аймақтарды дамыту перспективалары Aqmola Invest алаңында талқыланды

Aqmola Invest алаңында Ақмола облысының әкімі төрағалық еткен кеңесте республикалық маңызы бар AQMOLA және KOKSHE INDUSTRY индустриялық аймақтарын дамыту,...

Ақмола облысында ет кластерін дамыту жобасы әзірленеді

Ақмола облысы әкімдігінде өңір басшысы Марат Ахметжановтың Ш. Уәлиханов атындағы университет өкілдерімен және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен мал шаруашылығын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Қаржылық мониторинг агенттігі «CVK» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты

Қазіргі уақытта Агенттіктің аумақтық департаменттері еліміздің 14 өңірінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде. Жоба өзін маркетплейс ретінде таныстырып, қатысушыларға тұрақты...

Он жылдан астам уақыт күткен жарық ауыл көшелеріне келді

Оразақ ауылында тұрғындар көптен күткен қуанышты оқиға орын алды. Ауылдың ескі бөлігіндегі Абай Құнанбайұлы, Талғат Бигелдинов және Рақымжан Қошқарбаев...

Оқу керек

Астрахан ауданында алтын өндіру фабрикасы іске қосылды

Астрахан ауданының Жалтыр ауылында «Ақбеит» кен орны базасында алтын...

Щучинск қаласында халықаралық деңгейде «Айбын» жастар жиыны өтеді

21-27 маусым аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында Шоқан Уәлиханов...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған