СаясатМарат Ахметжанов Зеренді ауданының активіне жаңа әкімді таныстырды

Марат Ахметжанов Зеренді ауданының активіне жаңа әкімді таныстырды

-

- Advertisment -spot_img

Зеренді ауданының әкімі болып Асет Асылбекұлы Құрманғожин сайланды. 2025 жылғы 15 маусымда өткен сайлау қорытындысы бойынша ол сайлаушылардың басым даусына ие болды және жаңа заңнамаға сәйкес сайланған.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов аудан активіне жаңа әкімді таныстырды.

Асет Құрманғожин Ақмола облысының Зеренді ауылында дүниеге келген. Экономика мамандығы бойынша жоғары білімі бар. Еңбек жолын Зеренді ауданы әкімдігінде бастап, түрлі жауапты қызметтер атқарған. Сайланар алдында Ақмола облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Жиын барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов бұрынғы әкім Асен Жақсылықовқа атқарған еңбегі үшін алғыс айттып, жаңа аудан басшысының алдына қойылатын негізгі міндеттерді атап өтті:

«Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы орындау — басты міндет. Бұл халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту, инвестицияларды тиімді игеру, терең өңдеу саласындағы жаңа жобаларды іске қосу, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту — өзекті мәселелердің қатарында. Сонымен қатар, экологиялық талаптар мен туристік әлеуетті ескере отырып, дайын инфрақұрылымы бар индустриялық аймақ құру мүмкіндігін қарастыру қажет. Әр бағыт бойынша нақты нәтиже талап етіледі», — деді өңір басшысы.

Басым бағыттар қатарында — заманауи агротехнологияларды қолдану арқылы ауыл шаруашылығын дамыту, сапалы ауызсу және тұрақты электрмен қамту, тұрғын үй құрылысын жалғастыру, әлеуметтік саланы қолдау және ішкі туризм құрылымын қайта қарау бар.

Жиынды қорытындылай келе, облыс әкімі Зеренді ауданының әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жоғары екенін және халықтың әл-ауқатын арттыруға толық мүмкіндік барын атап өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған